16 Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар ақпараты.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік-барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірліктің, ынтымақтастықтың пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі- ең алдымен халқымыздың бақыты.
Желтоқсан айының 12-14 аралығында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Ел Тәуелсіздігінің 28 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар жоспары жасалынып, жоспарға сай жұмыстар атқарылды.
«Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты салтанатты тізілістен бастау алған мерекеде мектеп директорының оқу ісі-жөніндегі орынбасары С.С.Мурсалимова сөз сөйлеп, ұжымды, оқушыларды елеулі еңбек пен қажырлылықтың арқасында келген, қуанышы мен мұңы бірге жүретін- Тәуелсіздіктің торқалы тойымен құттықтады.
«Тәуелсіз елім-ұлы өлкем», «Желтоқсан –тәуелсіздік таңның бастамасы» атты тарихи-тағлымды тәрбие сағаттары 1-11 сыныптарда өтіп, тәрбие сағаттарында тәуелсіздіктің тарихы оқушыларға жете түсіндіріліп, жоғары сыныптарда оқушылардың тың ойлары тыңдалса, кей сыныптарда тамаша әндер орындалып, арнаулар оқылып жатты. «Тәуелсіздік-Мәңгілік ел мұраты» атты даярлық топтарының ата-аналарымен бірге дайындаған көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, мектеп кітапханашыларының тарапынан 2-4 сынып оқушыларына арналып «Біз-тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты ертеңгілікке оқушылар зор ықыласпен, қызығушылықпен қатысты. 12-14 желтоқсан күндері аралығында қойлған «Егеменді елдігім- Тәуелсіздік теңдігім» атты кітап көрмесі де жас оқырмандарымыздың назарынан тыс қалмады. Сонымен қатар, мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің 3 сынып оқушыларымен «Біз- тәуелсіз ел ұрпағымыз!» атты «Көңілді старт» спорттық ойыны оқушыларды бірлікке, ұйымшылдық пен жеңіске жетелесе, көпшіліктің зор ықыласына бөленген «Мәңгілік елім- Тәуелсіздік теңдігім» атты мерекелік салтанттың шымылдығын жапқан оқушылардың бірлесіп дайындаған концертінің иісі қазақ елінің самалдатып соққан желі мен ырғақтата орындаған әндері – мен қазақпын дейтін ұрпақтың ұраны болғанын айта кеткен абзал.
Мен қазақпын, мен тәуелсіз елдің ұрпағымын деп ұрандатқан –Тәуелсіздік тойы құтты болсын демекпіз!