3 - 13 ақпан аралығындағы «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігін өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 3 - 13 ақпан аралығындағы «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігін өтті
13
февраль
2020

3 - 13 ақпан аралығындағы «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігін өтті

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым Министрлігінің бастамасымен 2020 жылдың 3 -  13 ақпан аралығында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты декада өтті. 

Декада, ұлы ұстаз Абай Құнанбаевтың «Адам бол!» - деп адамгершілікке шақырған ұранымен өтті.

Ұлы ақын, ойшыл, гуманист, қазақ халқының ой толғаныстарының өкілі Абай Құнанбаев үшін ең бастысы - адамгершілік, адам болмысының құндылығы, өмірден өз орнын табуы. Абайдың түсіндірмесіндегі  адамгершілік формуласы: «Адам бол!». Абайдың  пікірінше адамның жетілуі үш негізгі қасиетпен анықталады: ақыл, жүрек және ерік. Осы қасиеттерді толығымен игерген адамдар қоғам мен халықтың тірегі болуы керек.

Абайдың даналығы, Әуезовтің қаламгерлігі, Шәкәрімнің жанды жолдары, Құрманғазының сиқырлы дыбыстары, бай ғылыми және мәдени мұралар туралы материалдар қоғамның қалыптасуына,   қоғамның рухани-адамгершілік дамуы саласындағы жалпыадамзаттық құндылықтар мен қоғамның  дамуына әсер еткен қазақстандық және әлемдік ойшылдар, гуманистік ағартушылар туралы әңгімелер және  адамның рухани белсенділігі туралы  мәліметтер  мектеп кітапханашылары Қосаева Г.Д.  және Бедиярова Г.А дайындаған «Адамзаттың рухани мұрасы» атты кітап көрмесінде  таныстырылды. 

4 ақпанда өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Садыкова Мереке Мұратовна  4-сыныпта «Батылдық пен жігер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мереке Мұратовна   дұрыс әрекет құндылығын ашу   арқылы батылдық пен жігер түсініктерінің мәнін ашты, адам өз тәртібі мен мінезін  жөндеу арқылы  бойында осы қасиеттерді қалыптастыруға болатындығын үлгі ретінде көрсетіп, әдебиеттерден мысал келтірді. 

Сабақта мейірімділікке толы жақсы атмосфера болды,  мұғалім оқушылардың ойлары мен түсініктерін тыңдау арқылы  толық ашылуларына  мүмкіндік жасады. 

5 ақпанда өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тагиев И.Т. 9-сыныпта  «Өзгелерге қызмет ету, өзіңе қызмет ету» тақырыбында  ашық сабақ өткізді.

«Басқаларға қызмет ету» түсінігінің мағынасы мен мәнін Абай Құнанбаевтың  «Адам бол!» адамгершілік кодексіндегі қағидалар негізінде ашу арқылы қатысушылар – Жақсылық жасау ережесі туралы ой қозғады.  Жақсылық жасау- әр адамның борышы. Оқушылар «Жақсы адам басқаларға көмектесетін адам» және «Менің мамандығым және  өзгелерге қызмет ету» тақырыбында көрініс дайындады, өздері таңдаған мамандықтары арқылы   қоршаған ортаға қалай көмектесе алатындығы туралы айтты. 

6 ақпан күні  әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасындағы балалар  үшін ұмытылмастай  мереке жасап, сыйлықтар тараттық. 

Олар үшін «Мейірім» сауықтыру лагеріне  тегін жолдама ұйымдастырылған болатын. 

Лагерь директоры Камбаров М.Г. үлкен ықыласпен Найля Мерекеновнаға қолдау көрсетіп, балаларды коньки, шаңғылармен қамтамасыз етті, бірақ  балалар үшін мерекелік торт пен сыйлықтар және лагерь ұжымының атынан берілген балмұздақтар  ең тамамша тосын сый болды.   Марат Габдулкалыкович  біздің алғыс сөздерімізге қарапайым түрде  жауап берді: «Балаларды қандай-да бір себепсіз өзіміздің ықыласымыз бен жан жылуымыз арқылы қуантуымыз керек және қажет».

 «Мейірім» спорттық-сауықтыру лагерінде өткізілген екі сағат тез өтіп кетті, балалар коньки теуіп  шаңғымен сырғанады. Коньки тебуді білетін балалар коньки тебе алмайтын балаларға сырғанауды   үйретті.  Балалалрдың барлығы жағымды әсер алды.  

Жақсы істер жасап, адамдарға шынайы және риясыз көмектескен кезде, өзгелерді қуанту арқылы біз өзімізді, өзіміздің ішкі болмысымыз бен бізді қоршаған әлемді өзгертеміз.

Жақсы істер  істер жасауға асығыңыз. Бұл әлемдегілердің  барлығы бақытты болсын! Дәл осы сезім бізге әлемді жақсартуға көмектесетініне сенеміз!

7 ақпанда өткен «Абай Құнанбаев әр адамның өміріндегі адамгершілік құндылықтар және адамгершілік қағидаларды қалыптастырудың  жалпы адамзаттық мәселесі туралы» ғылыми-практикалық конференциясында мектеп педагогтары адамгершілік тәрбие мәселесіндегі ұлы гуманист Абай Құнанбаевтың философиялық және педагогикалық көзқарасын қарастырды. Әр адамның өміріндегі адамгершілік қағидалары мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың  маңызды проблемаларына ерекше назар аударылды.

Өткен ғасырда Абай жариялаған моральдық нормалар бір жағынан жамандықты, арсыздықты, әдепсіздікті айыптайтын, екінші жағынан, еңбекке деген сүйіспеншілікті, адамдар мүддесі үшін жанқиярлық күресті, адалдықты, шыншылдықты, ғылымды зерттеудегі табандылықты, оның ең жоғары этикалық идеалын құрайтынын айтуға болады. «Адам бол!» ұраны біздің уақытымызда өз маңызын жоғалтқан жоқ, сонымен бірге жаңа  мәнді күшке ие болды. 

11 ақпанда қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері оқушылармен  бірге «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан …» атты   Абайдың «Қара сөздері»   негізінде  миниатюр – театрын көрсетті. 

 «Қара сөздің» әр  жолы жанды нақыл сөздерден құралып философиялық  рухпен өрбіген.

«Өнер әлемі  шақырады» театрлық үйірмесінің жас актерлері Абайдың өмірін, Абайдың болмысын, жан тебіренісі мен   ой толғанысын жоғары актерлік шеберлікпен  шынайы жеткізді. 

Орыс тілі мен әдебиет бірлестігі мұғалімдері мен оқушылары «Абайдың он жетінші қара сөзіннен»  үзінді қойып, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»  адами қасиеттерінің бірлігін көрерменнің жүрегіне жеткізді. 

Ағылшын тілі мұғалімдері Абай қара сөздерін жаңа форматта ұсынды. 

Мини  – театрдың ұйымдастырылуы арқылы оқушылар  «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан...»  Абай  өсиетінің мәнін ашып, әр адам өзінің қалауымен  өмірден орнын табу керектігін және адами құндылықтардың  мәні ешқашан жоғалмайтындығын түсінді. 

13 ақпанда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай мектептің барлық сыныптарында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасы авторының әлеуметтік қызметіне арналған ашық сабақтар өткізілді. Ашық тәрбие сағаттарына қамқоршылық кеңестің мүшелері шақырылды.

Сабақтың мақсаты  оқушыларға «қоғамға қызмет ету» ұғымының мағынасы мен  мәнін ашу арқылы «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін тереңдету болды.

Сабақтың мақсаттары

  • «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның әлеуметтік қызметі мысалында «қоғамға қызмет ету» ұғымының мәні мен мағынасын ашу,  оқушылардың әлеуметтік пайдалы іс-шараларының нәтижелерін талдау;
  • шығармашылық әрекеттерді орындау барысында өмірдегі өз ұстанымын көрсету қабілетін дамыту.
  • Адамдарға, табиғатқа көмектесу қажеттілігін тәрбиелеу; өз іс-әрекетінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу.

 «Өзін-өзі тану» бағдарламасы өзіңе жол табуға, өзіңнің жақсы қасиеттеріңді, жоғары «мен» ашуға және әрдайым адам болып қалуға көмектеседі – бұл  сөздер «Өзін-өзі тану» идеясының авторына тиесілі.

Декада «Барлығы сүйіспеншіліктен басталады» тақырыбындағы «Хорлардың достығы» ән фестивалімен аяқталды. Фестивальге 7 хор тобы қатысты.

Хорда ән айту бір-бірімен өзара әрекеттесуге,  команда болып жұмыс істеуге үйретеді.

Балалардың вокалдық ұжымы  сүйіспеншлікті  жеткізудің ерекше  құралы - ән екендігін   тағы да есімізге салды.