Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің апталығының өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің апталығының өтті
07
декабрь
2020

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің апталығының өтті

КММ "Маяковский атындағы орта мектебі" 30.11.2020 - 04.12.2020 ж. күндері аралығында "Бастауыш сыныпта белсенді оқыту әдістері мен түрлері"  тақырыбында бастауыш оқытудың апталығы өтті. Барлық іс-шаралар жоспарланған және бекітілген жұмыс жоспары бойынша жүргізілді.  

        Іс-шараға он бір ашық сабақ өтті. Жубайбекова Қ.А. 2 «Ә» сыныбында математика пәнінен «Есептер шығару», Мусулманкулова Б.К 2«А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Лепті сөйлем», Аксакова Б.М. 4«Ә» сыныбында  музыка пәнінен «Домбыра асыл мұра»,  Есентаева К.Т. 3«Б» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Қанайналым жүйесі», Имашева А.М. 3«А» сыныбында математика пәнінен «Есептер шығару», НурмухаметоваЖ.Д. 4«Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Ұлттық ойындарымыз», Аскап Р.Е. 4«А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Қысқарған сөздер», Қуанышбекова Г.Қ.  4«Б» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Желдің зияны мен пайдасы»,   Садыкова М.М.  1«Б» сыныбында математика пәнінен «Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз», Букенбаева А.К.  1«Ә» сыныбында сауат ашу пәнінен «Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?», Липесова А.М..  1«А» сыныбында математика пәнінен «20 ға дейінгі сандарды азайту»тақырыбында өзін-өзі танумен кіріктірілген ашық  сабақтарын өткізді;

Бастауыш сынып апталығында барлық мұғалімдер   жоспарлаған сабақтарын жауапкершілікпен өткізді,  өздерінің шығармашылық, кәсібиліктерін көрсетті.

Әрбір өткізілген сабақтан көрсеткендей бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері жаңарталған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың барлық әдіс –тәсілдерін көрсетіп, басқа пәндермен байланыстырды. Мақсатқа жету жолында тапсырмаларын шебер таңдаған. 

Барлық сабақтарда критериалды бағалаудың түрлері жүргізілді.  Сабақтар әдістемелік жағынан дұрыс. Әр өткізілген сабақтың оқыту мақсаттарына қол жеткізілді. Келешекте зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін  әр мұғалімге әдістемелік ұсыныстар берілді.

Сабақтарында санитарлық норма талаптарын қатаң сақтағандары байқалды. 

Жалпы әріптестеріммен жүргізілген іс-шаралар, деректер өте жоғары деңгейде өтті.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі Нурмухаметова Ж.Д.