География және тарих пәндері бірлестігі апталығы өтті.
Өткен тарихымыздағы халқымыздың кешкен қиындықтары мен бейбіт күн үшін күрескен ерліктері мен еңбектерін бүгінгі ұрпаққа жеткізуде, олардың саналы азамат болып өсуіне үлес қосуда ұстаздардың еңбегі зор. Оның бір дәлелі, қаңтар айының 18-22 күндері аралығында география және тарих пәндері бірлестігі мұғалімдері «Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге...» атты тақырыбында апталығы өтті.
Пәндік апталық-оқушыларға ел тарихын танып-білуде тарихи тұлғалардың қоғамдағы қызметтерінен үлгі алу, өзіндік ой-пікір қалыптастыру мақсатында жоспарланды.
Апталықтың бірінші күні ашылу салтанатында WhatsApp платформасында бейнебаян арқылы таныстыру жүргізілді. Бұл бейнебаян барысында апта бойында өткізілетін іс - шаралардың жоспары, апталықтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылды.
Апталық аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс пәндік сайыстар ұйымдастырылды. Оқушылардың тарихи танымын, пәнге деген қызығушылығы мен білімдерін арттыру мақсатында өткен ашық сабақтар ерекше жаңашылдықпен, үлкен талпыныспен өткізіліп, оң бағасын алды. Пән мұғалімдерінің ізденісі тек ашық сабақтармен ғана шектелмей, сыныптан тыс шаралар да үлкен дәрежеде өткізілді. Атап айтсақ, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сыныптан тыс пәндік шаралары 11-сынып оқушыларының жан-жақты қырларын ашып, Сейлханова Шұғыланың зеректігі мен алғырлығын, білімін көрсетіп 1-орынға иеленді. Белсене қатысқан оқушыларға естелікке сыйлықтар беріліп марапатталды.
Тарих пәні мұғалімі Аязбаева С.К «Моңғол шапқыншылықтарының салдары» тақырыбында 6 «Б» сыныбымен, Аканова Ж.С. «Монгольские завоевания» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тарих пәні мұғалімі Омарова У.Ж. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті» тақырыбына 9 «Ә» сыныбында, тарих пәні мұғалімі Сапаш Е.Т. «Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық –саяси ойдың дамуы» тақырыбына 11 «Ә» сыныбымен , «Климаттық үдерістер» тақырыбында 5 «Ә» сыныбымен география пәні мұғалімі Рыбакова Г.А. ашық сабақ өткізді. ZOOM платформасы арқылы география пәні мұғалімі Носуленко В.Н. 7 «В» сыныбымен «Почвы Казахстана» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Апталықта барлық сабақтар жоғарғы әдістемелік дайындықпен өткізілді. Бүгінгі күн – ертең тарих. Сондықтан да тағылымы мол тарихты тереңнен қазған апталықтың оқушыларға берер өнегесі мен тәрбиесі мол болды