Іс-шара » Страница 66 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Патриоттық әндер» сайысы болып өтті...
06
май
2022
«Патриоттық әндер» сайысы болып өтті...
Қазақстан Қарулы күштеріне 30 жыл толуына орай, мектебімізде  9-11 сынып оқушылары арасында «Өскелең ұрпақ үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» атты ұранмен «Патриоттық әндер» сайысы өтті. Тамаша орындаудағы әсем әндерді көрермендерге ұсына білген орындаушылардың жанарларынан нағыз Отанға деген зор ықыласты, сүйіспеншілікті көрдік. Сайыс нәтижесінде сыныптар мен жеке орындаушылар «бағалаушылар» тарапынан мақтау қағаздарымен марпатталып, мерекелерімен
«Абай әндері» сайысынан жүлделі орынға ие болды!
06
май
2022
«Абай әндері» сайысынан жүлделі орынға ие болды!
05.05.2022 жыл күні Жарма аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Абай әндері» сайысы болып өтті. Сайысқа «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 8 сынып  оқушысы Тұрсын Нұрай қатысып (жетекшісі  Аксакова Б.М), жүлделі І орынды иеленіп, сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алды. Жүлделі орын иегерін жеңісімен құттықтаймыз! 
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар сайысы жеңімпаздары анықталды
05
май
2022
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар сайысы жеңімпаздары анықталды
2022 жыл 20-21 сәуірде «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат   зерттеушілерінің  облыстық қашықтық форумына  Жарма ауданы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ бойынша 5-ші сынып оқушысы Тұрсын Арай (жетекшісі Г.Т.Сулейменова) «ZHASYL EL» номинациясы  «Қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы- ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т.б ластану мәселелерін шешу жолдары» бағыты бойынша қатысып,
«Ардагерге ашық хат» шығармашылық сайысы ұйымдастырылды
03
май
2022
«Ардагерге ашық хат» шығармашылық сайысы ұйымдастырылды
Мектебімізде 9 мамыр Жеңіс күніне арналып, жоғары сынып оқушыларымен  «Ардагерге ашық хат» шығармашылық сайысы ұйымдастырылды. Жас жеткіншектердің бойында  адамгершілік қасиеттерін шыңдау, мәдени құндылықтарды дамыту мақсатында өткізілген сайысқа ойларын қағаз бетіне түрлі нақышта түсіре білген шығармашыл оқушылар қатысты. Ойын терең жеткізе білген, құрмет пен сыйласымдылықты қатар қоя білген   10 сынып оқушысы Айбекқызы Ақниет (жетекшісі Ж.Ж.Көшербаева) сайыста қатарластарынан оза шығып,
Ел мәртебесін көтерген чемпион біздің ортамызда!
03
май
2022
Ел мәртебесін көтерген чемпион біздің ортамызда!
         23-30 сәуір күндері Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласында армрестлингтен 20-сыншы Азия чемпионаты өтті. 2007 жылғылар және кіші жастағы жасөспірімдер арасында өткен чемпионатқа Қазақстан құрама командасымен Шығыс Қазақстан облысынан «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нен 8 сынып оқушысы Бахтиярова Альбина жарысқа қатысып, бақ сынаған болатын. 60 кг. салмақта күш сынасқан Альбина қатарластарынан оза шығып, ІІ-ші жүлделі орынды (жаттықтырушысы Д.Н.Камзин) иеленді. Жеңіс
1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күні атап өтілді
29
апрель
2022
1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күні атап өтілді
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні көптеген ұлттар мен ұлыстардың басын қосатын атаулы мереке «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де аталып өтті. Ел ішіндегі түрлі ұлттар мен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау мақсатында өткен іс-шараларға оқушылар белсене қатысып, мерекеге деген шын ықыластарын түрлі ұлт өкілдерінің әндері, салт-дәстүрлерін көрсету арқылы жеткізді. Тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-6
«Саябақтар шеруі-2022 жыл» табиғатты қорғау экологиялық акциясы өтті...
27
апрель
2022
«Саябақтар шеруі-2022 жыл» табиғатты қорғау экологиялық акциясы
27.04 .2022 жыл күні аудан орталығында Семейорман «МОТР» РММ-нің Тау-Дала филиалының ұйымдастыруымен «Саябақтар шеруі-2022 жыл» өткізілді. Өскелең ұрпақты, бұқара халықты табиғатты қорғауға шақырған Халықаралық экологиялық акцияға мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысып, өз үлестерін қосты. Жас көшеттер отырғызуға ат салысып, болашақ ауданымыздың жасыл желекті болуын қалайтын акция қатысушыларына ұйымдастырушылар тарапынан футболкалар мен бейсболкалар сыйлыққа тарту етілді. Табиғатты
«Мұқағали оқулары» сайысы өтті...
25
апрель
2022
«Мұқағали оқулары» сайысы өтті...
Сәуір айының 5-22 күндері аралығында Мұқағали Мақатаев әлемі білім порталы Республикалық «Мақатаев оқулары» сайысын ұйымдастырып, мектебімізден  сайысқа 7 сынып оқушысы Бекбосын Аружан қатысып, жүлделі І-ші орынды (жетекшісі: Ж.Ж.Көшербаева)  иеленді. Аружанды және жетекшісін жеңістерімен құттықтаймыз! -------------------------------------------------------------------------------------------------- С 5 по 22 апреля на   образовательном портале  прошел республиканский конкурс "Макатаев
Аймақтық «Шәкәрім әндері» байқауы болып өтті.....
22
апрель
2022
Аймақтық «Шәкәрім әндері» байқауы болып өтті.....
         Сәуір айының 21 жұлдызында Семей қаласы Шәкәрім атындағы университетінің  ұйымдастыруымен «Шәкәрім оқулары» өтті. Шәкәрім әндерін кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды дамыту мақсатында ұйымдастырылған  аймақтық байқауға «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нен 11 сынып оқушысы Жангазина Айым  (жетекшісі Б.М.Аксакова) қатысып,  «Академиялық ән» номинациясы бойынша  жүлделі ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.  Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!