Мектеп бітіруші сыныптардың ата-аналарының жиналысы ұйымдастырылды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп бітіруші сыныптардың ата-аналарының жиналысы ұйымдастырылды
28
апрель
2023

Мектеп бітіруші сыныптардың ата-аналарының жиналысы ұйымдастырылды

Бүгін мектептің 9,11 сынып түлектерінің  қорытынды аттестаттауы жөнінде мектеп бітіруші сыныптардың ата-аналарына жиналыс ұйымдастырылды. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады. Орта білім алушылар үшін 3 міндетті, 1 таңдау пәні бойынша емтихан тапсырса, жалпы орта білім алушылар үшін 4 міндетті, 1 таңдау пәні негізінде емтихан тапсырады. Қорытынды аттестаттау өткізілетін мерзімі мен форматы туралы ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп . Мектептегі 9,11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындалуында ата-аналар тарапынан қолдау көрсетіліп отыруын,  сынаққа дайындалуына толық жағдай жасауын, 11 сынып түлектерінің ата-аналарына мамандықты таңдау бойынша  берілген кеңестерді басты назарда ұстауға ұсыныс берілді. Ата-аналармен кері байланыс жасалып, қосымша сұрақтарға жауаптар берілді.