28
октябрь
2024
5 «А» сынып оқушыларының ата-аналары үшін жиналыс өтті.
Мектебімізде «Бала тәрбиесі-отбасынан басталады» тақырыбымен 5 «А» сынып оқушыларының ата-аналары үшін жиналыс өтті. Сынып жетекшісі А.Е.Айтказина тарапынан «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» мақсаты және міндеттерімен таныстырып, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» сабағы бойынша «Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері» атты тақырыпта сабақ жүргізілді. «Ата-ана баласымен бақытты» тақырыбында тренинг өткізілді. Мектеп психологі А.О.Ұлыбаеваның тарапынан 5«А» -сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері мен дағдылары,«KiVa- буллинг, кибербулингке қарсы бағдарламасы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп, отбасылық қарым - қатынастың құндылықтарына тоқталып өтті. Жекелей әр ата-ана бірінші тоқсан қорытындысымен танысты.
#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма