03
июль
2023
"Шапағат" жазғы демалыс лагері
3 шілде "Шапағат" жазғы лагерінде "Қазына іздейміз" ойыны ойнатылды. Ойын барысында балалар мен мұғалімдер маршрут картасындағы суретке сәйкес, қазынаны табу үшін түрлі тапсырмаларды орындап отырды. Балалар ептілік, шыдамдылық, тапқырлық танытты. Іздеу нәтижесінде балалар қазынаны тауып, жеңіске жетті. Демеушілік білдірген жанашыр ата - аналарға алғыс білдіреміз.