11
июнь
2024
"Достық" жазғы лагерінде "Сұңқар" тобының"Ең, ең, ең..." сайысын ұйымдастырды.
Бүгін, 11 маусым күні "Достық" жазғы лагерінде "Сұңқар" тобының жетекшілері Б.К.Мусулманкулова және А.А.Раисова "Ең, ең, ең..." сайысын ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар шығармашылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, білгірлікке арналған тапсырмалар орындады. Жекелей балалар "Ең шашы ұзын", "Ең ұзын бойлы бала", "Ең қысқа есім", "Ең ақылды", "Ең әдемі шоколад бала" және т.б. номинацияларды иеленді. Командалар және көрермендерге жұмбақтар жасырылды. Күн өте қызықты және көңілді өтті. #bilimim_otanyma