Материалы за 05.01.2025 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАСТАМА» БАЙҚАУЫ
05
январь
2025
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАСТАМА» БАЙҚАУЫ
📚«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАСТАМА» БАЙҚАУЫ  Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-тұлғалық білімін дамыту, озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында өткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық «Педагогикалық бастама» байқауының АУДАНДЫҚ кезеңінде «Тапсырмалар жинағы» бағыты бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі ЖҰБАЙБЕКОВА ҚҰНДЫЗ АЛДАБЕРГЕНОВНА жүлделі І ОРЫНДЫ иеленсе, «Презентация» бағыты бойынша жүлделі ІІ ОРЫНДЫ бастауыш сынып мұғалімі БАЛТАБАЕВА РИММА АЛЬСЕИТОВНА жеңіп алды.
"ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ
05
январь
2025
"ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ
📚"ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ 🔰5 қаңтар күні мектеп психологтары ҰЛЫБАЕВА АҚМАРАЛ ОТАНҒАЛИҚЫЗЫ мен УРАНОВА ТОҒЖАН СКАКОВНАНЫҢ ұйымдастыруымен арнайы 11 сынып оқушылары және ата-аналар үшін ҰБТ алдындағы күйзелістің алдын алу, ата-ана мен бала арасындағы сенімділікті нығайту мақсатында “ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ” атты психологиялық элементтері бар тренинг өткізілді.  🔰Тренинг барысында “Бір толқындамыз”, “Мүсінші мен саз” жаттығуы, “Күйзелістен шығу” мен “Мақсаттар картасы” толтырылды. 
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
05
январь
2025
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
📌АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ  Мектебімізде 5 қаңтар күні қысқы каникул іс-шараларының жоспарына сәйкес 1-11 сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыста ІІ оқу тоқсанының қорытындысы, қысқы демалыс күндеріндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі, мектептің ішкі тәртіп ережесінің, мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуы, құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мәселелері талқыланып, күн тәртібіндегі барлық сұрақтар толығымен
ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
05
январь
2025
ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
❄️ ❄️ ❄️ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ  Қысқы демалыс кезінде оқушылардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектебімізде «Тоғызқұмалақ», «Дойбы», «Волейбол» спорт секцияларында жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма #ҚысқыКаникул2024
Шешім
05
январь
2025
Шешім
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығы және  «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ директорының 2024 жылғы 10 желтоқсанындағы  № 863 бұйрығы негізінде  бастауыш (орыс) сынып мұғалімі бос лауазымына жарияланған конкурс нәтижесінде «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ директорының 2025 жылғы 05 қыркүйектегі №3 бұйрығымен бастауыш (орыс) сынып мұғалімі болып Давиденко Татьяна Владимировна тағайындалсын.