Материалы за 30.01.2025 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫ
30
январь
2025
"ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫ
⚜️"ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫ  ✅"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасының "ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" жобасы  аясында "Қаржыны тиімді басқару жолдары" тақырыбында "ЖАС ҚЫРАН"дебат  клубының жетекшісі ОМАРОВА УМІТ ЖАРМУАМЕТОВНА дебат өткізді.    ✅Дебат барысында "Оппозиция" фракциясы  Ерболова Аймен, Ержанова Аиша, Әмірхан Айгерім және "Үкімет" фракциясы Еркінбекқызы Мәрмәр, Рамазан Айару, Хуанышбай Мадина  білімділігімен, шешендігімен, алғырлығымен белсене қатысып, әр спикер белсенділігімен ерекшеленді.
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЙЫ
30
январь
2025
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЙЫ
⚜️ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЙЫ ✅6 "А" сынып жетекшісі КАПАСОВА НАЗЫМ ЖАКСЫЛЫКОВНА  "ӘДІЛЕТ ЖОЛЫ-АДАЛ ЖОЛ" тақырыбында сынып сағатын өткізді. ✅Сабақта әртүрлі жұмыстар жүргізе отырып оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыруды көздеді. ✅10 минуттық ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫНДА "Жол белгілері" туралы білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
«АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАЙҚАУ
30
январь
2025
«АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАЙҚАУ
📌«АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ✅Мектебімізде «Ақпараттық сауаттылық және қауіпсіздік» тақырыбында қабырға газеттері бойынша байқау ұйымдастырылды. ✅Ақпараттық сауаттылық және қауіпсіздік мақсаты-адамдардың ақпаратты дұрыс қабылдап, талдай білуін қалыптастыру, жалған жаңалықтардан қорғану, жеке деректерді қорғау және интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын дамыту.  ✅Байқау қорытындысы бойынша  БАС ЖҮЛДЕНІ 8 «А» сыныбы, І орын- 10 « Ә», 11 «Ә»
ОБЛЫСТЫҚ «КӨКПАР»  ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ
30
январь
2025
ОБЛЫСТЫҚ «КӨКПАР» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ
📚ОБЛЫСТЫҚ «КӨКПАР»  ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ  ✅30 қаңтар күні дарынды балаларды анықтау, қолдау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында жалпы білім беретін мектептердің 3-4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиетінен және орыс тілінде оқытылатын мектептердің қазақ тілінен «КӨКПАР» ОБЛЫСТЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ өтті.  ✅Олимпиадаға 3-4 сынып оқушылары арасынан 37 оқушы өз білімін сынады.  ОҚУШЫЛАРЫМЫЗҒА ЖЕҢІС ТІЛЕЙМІЗ!