ЖАРҚЫН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ- ЖАС МАМАН » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2026

ЖАРҚЫН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ- ЖАС МАМАН

📚 ЖАРҚЫН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ- ЖАС МАМАН

✅ Бүгін мектебімізде жас және жаңадан келген мұғалімдерге қолдау көрсету, әдістемелік бағыт-бағдар беру мақсатында «Жас маман мектебінің» кезекті отырысы болып өтті.

✅ Отырыстың басты мақсаты: Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету арқылы оларды кәсіби ортаға бейімдеу, ұстаздық жолдағы алғашқы қадамдарына қолдау көрсету.

✅ Жиында заманауи сабаққа арналған қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) құру әдістемесі, сондай-ақ критериалды бағалау кезінде БЖБ пен ТЖБ тапсырмаларын сапалы дайындау жолдары жан-жақты талқыланды.

✅ Сондай-ақ, оқушыларға сапалы білім берумен қатар, ұлттық құндылықтар мен тәрбиені сабақ үдерісінде ойын элементтері арқылы ұштастырудың маңыздылығы атап өтілді.

✅ Отырыс соңында мектеп психологтары жас мамандардың эмоционалдық күйін қолдау, ұжымға тез сіңісу және кәсіби стресстің алдын алу мақсатында арнайы психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар бойларына жақсы энергия жинап, өзара сенім атмосферасын қалыптастырды.