"КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА
21
ноябрь
2026

"КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА

📚 "КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА 

⚜️ Мектебімізде "КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ" жобасын жүзеге асыру мақсатында  Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы бойынша «AI ӘЛЕМІНДЕГІ ӘДЕБИ КЕЙІПКЕР» атты ерекше әрі мазмұнды іс-шара өтті! 

⚜️ Шараны мектеп кітапханашылары ЖУНУСОВА АНАР АЛИМЖАНОВНА мен ОМАРОВА МАХАБАТ ДАРХАНБЕКҚЫЗЫ  ұйымдастырып, классикалық әдебиет пен заманауи технологияны сәтті үйлестіре білді.

⚜️ Кездесу барысында оқушылар жасанды интеллект көмегімен жобаларды қорғап, үйге берілген тақырыптарын AI құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары деңгейде әзірлеп, өз жобаларын сенімді қорғады.

⚜️ Сондай-ақ шығарманы терең талдау бойынша қатысушылар кейіпкерлер әлеміне бойлап, романдағы өміршең ойлар мен оқиғаларды талқылап, қойылған сұрақтарға мазмұнды жауап берді.

⚜️ Шара соңында кері байланыс жасалып, айтылған пікірлер мен әсерлер кездесудің шынайы әрі есте қаларлық өткенін көрсетті.

⚜️ Әдебиеттің рухани тереңдігі мен жасанды интеллектінің тың мүмкіндіктері  оқушылардың ізденісін, сыни ойлауын және шығармашылық қабілетін айқындады.


#МектепКітапханаларАйлығы2026
#МесячникШкольныхБиблиотек2026
#КітапОқуғаШақырамыз