Материалы за 30.12.2020 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңа Жыл мерекесі өткізілді...
30
декабрь
2020
Жаңа Жыл мерекесі өткізілді...
30 желтоқсан күні мектебімізде қашықтан 1-4 сынып оқушыларының басын қосқан «Қош келдің, Жаңа Жыл!» мерекесі өткізілді. Аяз Атаға дайындаған өлеңдері мен тақпақтарын толассыз айтқан бүлдіршіндеріміздің бал-бұл жанған жүздері мерекенің өңін ашты. Мектеп директоры Н.М.Садыкова бүлдіршіндерді Жаңа жылдарымен құттықтап, келер жылға толағай табыстар тілесе, өз кезегінде ата-аналармыз мектеп ұжымына, оқушыларға ыстық лебіздерін білдіріп, қуанышты шараның куәсі болғандарына алғыстарын айтты. Біз-
"Қауіпсіздік негіздері" сағаттары өткізілді
30
декабрь
2020
"Қауіпсіздік негіздері" сағаттары өткізілді
Жаңа Жыл мерекесін атап өту қарсаңында әр отбасының, ересектер мен балалардың өмір қауіпсіздігінің алдын -алу, пиротехникалық құралдарды пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары, жол жүру ережелерін сақтау мақсатында "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ-нің 1-11 сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен  "Қауіпсіздік негіздері" сағаттары өткізіліп, қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп,  видеороликтер көрсетілді.
«Аяз Ата» суреттер байқауы өткізілді...
30
декабрь
2020
«Аяз Ата» суреттер байқауы өткізілді...
«Аяз Ата» суреттер байқауы өткізілді... «Қазақстан балалары –қысқы ғажайып!» оқушылардың қысқы демалыстағы бос уақытын пайдалы өткізу аясында мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі Б.С.Нурланов «Аяз Ата» балалар суреттерінің байқауын ұйымдастырды. Байқауға бастауыш сынып оқушылары қатысып, туындыларын ұсынды. Бүлдіршіндердің ұйымдастырлыған байқаудан тыс қалмай, бір кісідей ат салысқандары бізді қуантты. Бүлдіршіндерге демеу бола білген біздің белсінді ата-аналарымызға алғысымыз шексіз!