Жаңа Жыл мерекесі өткізілді... » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
декабрь
2020

Жаңа Жыл мерекесі өткізілді...

30 желтоқсан күні мектебімізде қашықтан 1-4 сынып оқушыларының басын қосқан «Қош келдің, Жаңа Жыл!» мерекесі өткізілді. Аяз Атаға дайындаған өлеңдері мен тақпақтарын толассыз айтқан бүлдіршіндеріміздің бал-бұл жанған жүздері мерекенің өңін ашты.
Мектеп директоры Н.М.Садыкова бүлдіршіндерді Жаңа жылдарымен құттықтап, келер жылға толағай табыстар тілесе, өз кезегінде ата-аналармыз мектеп ұжымына, оқушыларға ыстық лебіздерін білдіріп, қуанышты шараның куәсі болғандарына алғыстарын айтты.
Біз- қиындыққа мойымайтын Тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз, біз- қуанғанға қуанып, жылағанды жұбататын кең даланың Қырандарымыз, Жаңа 2021 жыл құтты болсын! Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік.
Құттықтаймыз!!!