Материалы за Июнь 2022 года » Страница 3 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Июнь 2022 года » Страница 3
«Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет байқауын  ұйымдастырды
14
июнь
2022
«Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды
2022 жылдың 14 маусымында «Балалар жылы» аясында, мектеп жанындағы «Шапағат» жазғы лагерінде Отбасы күніне орай іс-шара өткізілді. Сурет үйірмесі жетекшісі С.М.Байгалиева «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет байқауын  ұйымдастырды. Мақсаты бала бойына осы байқау арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты, сүйіспеншілікті нығайтуына ықпал ету.   Сурет байқауларына оқушылар қызыға қатынасып, өз отбасы туралы әртүрлі мазмұнда әдемі суреттер салып шықты.
«Отбасы», «Ғажайып сурет әлемінде» сайыстарын өткізді
13
июнь
2022
«Отбасы», «Ғажайып сурет әлемінде» сайыстарын өткізді
13.06.2022 жыл күні  мектеп жанындағы «Шапағат» жазғы лагерінде Отбасы күніне арналған іс-шара өтті. Үйірме жетекшісі М.С.Тажиева мен машықкер Бургенова Аяжан «Отбасы», «Ғажайып сурет әлемінде» сайыстарын өткізді. Балалар «Түймедақ» сөзжұмбағын шешті. «Бақытты отбасы», «Ғажайып отбасы» тақырыбына сурет салу тапсырмаларын орындады. Шара соңында ән шырқап, жалынды флешмоб билеген балалар тамаша әсер алып, керемет көңіл-күйге бөленді. -------------------------------------------------------------
Кекушинкай каратеден   Қазақстан Республикасының аймақтық турнирі  өтті
13
июнь
2022
Кекушинкай каратеден Қазақстан Республикасының аймақтық турнирі
Алматы қаласында өткен кекушинкай каратеден   Қазақстан Республикасының аймақтық турнирі  өтті. Біздің мектебімізден 3 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. Бритнер Анастасия мен Бурахан Султанкелді 2 орын, Айтказин   Ерсултан 3 орынды иеленді. Жетекші  Амангелды Мақсат Амангелдіұлына  алғысымызды  білдіреміз. Жеңістеріңіз  көп болсын! --------------------------------------------------------------------- В Алматы прошел региональный турнир Республики Казахстан по кекушинкай карате. '3 ученика
«Ортақ іс» атты тимбилдинг өткізді
10
июнь
2022
«Ортақ іс» атты тимбилдинг өткізді
Бүгін, яғни 10 маусымда соңғы қорытынды емтиханнан кейін педагог- психологтар Тагиева И.Т. және Ибраимова М.М. 11-сынып оқушыларымен және олардың сынып жетекшілерімен «Ортақ іс» атты тимбилдинг өткізді. Педагог-психологтар таза ауада ойындар мен квест тапсырмалары арқылы  балалық шаққа саяхат және бір «ОРТА ІС» жасауға мүмкіндік берді, бұл күннің естеліктері   әрқайсымыздың есімізде  сақталып қалмақ... -------------------------------------------------------------------- Сегодня, т.е. 10 июня,
"Водный праздник " іс-шарасын өткізілді
10
июнь
2022
"Водный праздник " іс-шарасын өткізілді
10.06.2022 күні мектепішілік "Шапағат" лагерінде Кельдинова А.Е. " Водный праздник " іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында " Конкурс капитанов ", "Водоносы ", " Бумажные кораблики " викторинасы ойнатылды. Балалар Нептунның " Морские загадки " тапсырмаларын орындап, көтеріңкі көңіл күйде болды. ---------------------------------------------------------- 10.06.2022 году в пришкольном лагере "Шапагат" прошёл "Водный праздник " проведенный воспитателем Кельдиновой А.Е. Были проведены конкурсы
«Tilalemi.kz»
10
июнь
2022
«Tilalemi.kz»
Мемлекеттік тіл саясатының іске асырылу барысынан хабардар ететін сайт «Tilalemi.kz» - тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы жаңалықтар, лингвист ғалымдардың мақалалары, республикалық конкурстардың, іс-шаралардың ережелері және т.б. орналастырылған портал. Сонымен қатар порталда кітаптар, мультимедиялық бағдарламалар, сөздіктер мен журналдар орналастырылған. https://tilalemi.kz/ 
«Atau.kz»- ономастика саласындағы сайт.
10
июнь
2022
«Atau.kz»- ономастика саласындағы сайт.
Ономастикалық атаулар жинақталған сайт «Atau.kz» - ономастика саласындағы сайт. Сайтқа Қазақстан бойынша көшелердің, мәдениет, білім беру мекемелерінің, түрлі объектілердің атаулары жинақталған. Сондай-ақ базада Қазақстан Республикасындағы жерлер мен су айдындары атауларының толық тізбесі бар. Пайдаланушылар объектілерге атау беру ережелерімен, ономастика жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттармен, ұлттық және өңірлік ономастика комиссиялары туралы ақпаратпен, ономастика жөніндегі әдебиеттер
«Qazlatyn.kz»
10
июнь
2022
«Qazlatyn.kz»
Қазақ тілін латын графикасына көшіру барысын сүйемелдейтін сайт «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) - еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық портал. Порталдың көпфункционалды конвертері мәтіндерді кирилден латынға және төте жазуға онлайн сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Конвертердің ішкі ядросы (кодтары) «Яндекс переводчик» веб-сервисіне орналастырылып, қазіргі таңда «казахский (латиница)» деген жазумен халықаралық деңгейдегі тілдер қатарына қосылды.
«Qujat.kz»-
10
июнь
2022
«Qujat.kz»-
Ел тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілерге құжаттарды сауатты толтыру бойынша үлгілік сайт «Qujat.kz» - құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар берілген электрондық база. Сайтта іс қағаздарын жүргізу 2-ге бөлінген: «кеңсе» және «кадр» құжаттары, онда құжаттардың жеке үлгілері ұсынылған. Құжаттарды іздеудің 3 түрі қолданылады: түрі және атауы бойынша және әріп бойынша жүйелі іздеу. Құжаттардың екі жүзден астам үлгісі (қазақ және орыс тілдерінде)