Материалы за Декабрь 2023 года » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2023 года
«Жаңа жыл» мерекесі өтті.
30
декабрь
2023
«Жаңа жыл» мерекесі өтті.
Мектебімізде 2023 жылдың 26-28 желтоқсан аралығында оқушыларға арналған қуанышқа да, ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті.   Мереке қарсаңында мектеп спорт залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне мектебіміздің мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ белсене қатысты. Мерекелік шарада оқушыларға арналған түрлі байқаулар мен ойындар және би жарыстары өтті. Әсіресе, мерекенің басты кейіпкерлері – Аяз ата және Ақшақармен кездесуі қуанышқа бөледі.
Республикалық олимпиаданың 2-ші кезеңі өтті
28
декабрь
2023
Республикалық олимпиаданың 2-ші кезеңі өтті
22 желтоқсан күні Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 2-ші кезеңі өтті. Нәтижесінде  1.    Тілеубек Алима 9 «В» сынып оқушысы І-орын (жетекшісі А.В.Тайманова)2.    Құсайнова Даяна 11 «Ә» сынып оқушысы ІІ-орын (жетекшісі Г.К.Мухамеджанова)3.    Серікхан Айсана 9 «Ә» сынып оқушысы ІІІ-орын (жетекшісі Г.К.Мухамеджанова)Оқушыларымызды құттықтаймыз! Келесі кезеңде сәттілік тілейміз!
Абай облысының әкімі дарынды балалармен кездесу өткізді
27
декабрь
2023
Абай облысының әкімі дарынды балалармен кездесу өткізді
2023 жылдың 26 желтоқсан күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев дарынды балалармен кездесу өткізді. Аталған іс-шараға Маяковский атындағы орта мектебінен Республикалық «Алау» әскери-спорттық ойынының жүлдегерлері, «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары Жанарбек Ұларбек пен Бекбосын Аружан қатысып, қатысушыларға 100 мың теңгенің сертификаттары табысталды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
Жаңа жылдық іс-шарада «Санта-Клаустар» сайысы
27
декабрь
2023
Жаңа жылдық іс-шарада «Санта-Клаустар» сайысы
25 желтоқсан күні Жарма ауданы орталығындағы шырша шамдарын жағу рәсіміне арналған  Жаңа жылдық іс-шарада «Санта-Клаустар» сайысына мектебіміздің  жас ұстаздары мен 10 «Ә» сынып оқушылары (сынып жетекшісі Г.Қ.Мухамеджанова) қатысып, жүлделі ІІІ-орынды иеленді. Құттықтаймыз!
"Отбасы тәрбиенің алтын бесігі" тақырыбында 9-сынып оқушылары және ата-аналарымен кездесу
26
декабрь
2023
"Отбасы тәрбиенің алтын бесігі" тақырыбында 9-сынып оқушылары және
25 желтоқсан күні мектебімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Даналық мектебі" клубының және мектептің "Тоғыз айға тоғыз іс-шара" жоспарына сәйкес "Отбасы тәрбиенің алтын бесігі" тақырыбында 9-сынып оқушылары және ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
Облыс әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өтті
26
декабрь
2023
Облыс әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өтті
24-25 желтоқсан күндері Семей қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан, облыс әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өтті. Мерекелік шараға мектебіміздің 4 сынып оқушысы Амангелді Ботагөз қатысып, 100 мың теңгенің сертификатын сыйлыққа алды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
7-8 сынып оқушыларымен «Мұз бетіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында әңгіме өткізді.
26
декабрь
2023
7-8 сынып оқушыларымен «Мұз бетіндегі қауіпсіздік ережелері»
26 желтоқсан күні Жарма ауданы құтқарушылар отрядының басшы-құтқарушысы Т.С.Ахметкаримов, бас құтқарушылар Н.К.Касетов және С.Ж.Колмаков мектепке арнайы келіп 7-8 сынып оқушыларымен «Мұз бетіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында әңгіме өткізді.  Мұз үстіндегі және судағы қауіпсіздік ережелері, адамның өмір қауіпсіздігін сақтау    мақсатында өткен әңгімелесуде құтқарушылар тарапынан оқушыларға жаднамалар таратылып, көрнекілік ретінде құтқарушыларды суда жабдықтау құралдары таныстырылды. 
"Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар" деген айдармен "Жеті атаңды білесің бе?" деп сұрақ сұхбат өткізілді
25
декабрь
2023
"Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар" деген айдармен "Жеті
Ата-аналарды қолдау орталығының "Даналық мектебі" клубының жоспарына сәйкес оқушылардың арасында халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарымызды дәріптеу мақсатында "Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар" деген айдармен "Жеті атаңды білесің бе?" деп сұрақ қойып сұхбат өткізілді. Сұхбатқа белсене қатысқан оқушылар жеті атасын білу арқылы әркім өзінің ата- бабаларының кезінде кім болғанын, қалай өмір сүргенін біліп, мақтаныш етті. Әл-Фараби: «Тарихты білмей – өткенді, қазіргі жағдайды