"Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2024

"Жігіт сұлтаны" байқауы өтті.

04.05.2024 жыл күні мектебімізде  7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай  "Жігіт сұлтаны"  байқауы өтті. Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт-дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Байқау  4- кезеңнен тұрды.
1."Таныстырсам өзімді" өзін таныстыру.
2."Сегіз қырлы, бір сырлы" өнер сайысы.
3."Болашақ мектеп" экожобасы.
4."Күш атасын танымас" сайысы.
9-10 сынып оқушылары арасында өткізілген сайыс нәтижесінде ІІІ-орынға 9 "Б" сынып оқушысы Назымбеков Нұржан, ІІ-орынды 10 "Ә" сынып оқушысы Нургалиев Бекзат иеленсе, 10 "А" сынып оқушысы Сыбынбай Айзат "Жігіт сұлтаны" атанды.  Оқушыларды  құттықтаймыз!
#bilimim_otanyma
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы 
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы