Тарих, география және өзін-өзі тану пәндерінің апталығы өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тарих, география және өзін-өзі тану пәндерінің апталығы өткізілді
12
апрель
2019

Тарих, география және өзін-өзі тану пәндерінің апталығы өткізілді

«Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра!» атты тарих, география және өзін-өзі тану пәндерінің апталығы өткізілді. 

Мақсаты: тарих, география және өзін-өзі тану пәндерінде оқушылардың Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында оқушылардың бойына ұлттық құңдылықты дәріптеу, ізденімпаздыққа баулу және өзара тәжірибе алмасу. 

         Апталықтың ашылу 11 «А» сынып оқушысы Еркін Жадыраның «Туған жер» атты өлеңімен басталып, 5 «А» сынып оқушылары  Жұмартов Жалғас, Үйсіпбек Нұрсұлтан, Бүркіт Іңкәр, Бажақова Нұрай, Жанат Елдана, Мәмбет Ақылжан, Еркінбек Еламан «Ұлы даланың жеті қыры»  елбасының мақаласы 1. Атқа міну мәдениеті 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия 3. Аң стилі 4. Алтын адам 5. Түркі әлемінің бесігі 6. Ұлы Жібек жолы 7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны жөнінде мәлімет берілді.   Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі У.Ж. Омарова апталықтың іс-шара жоспарымен таныстырды. 

            Тарих, география және өзін-өзі тану пәндері апталығы бойынша өткізілген іс-шаралар.  «Даңқ» бөлмесіне ашық есік күні  өткізілді. «Даңқ» бөлмесіне «Бірлік орта мектебі» КММ-нің тарих пәні мұғалімі мен   9-сынып оқушылары келіп тамашалап, ерекше жақсы әсерде көңіл күймен қайтты.  9 «Ә» сынып оқушылары Сейтқанова Ш.Ақзамова Д. Құмарбек А.  «Даңқ» бөлмесін таныстып, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлерінің ерліктері жайлы, мектеп тарихымен таныстырып өтті.  География пәнінің мұғалімі Насырова М.Н. 7 «Ә» сыныпқа «Табиғат ресурстарының жіктелуі» атты   ашық сабақ өткізді.  Сабақта көп әдіс-тәсілдер қолданылды. «Қар кесегі» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы тақырып талданды, сұрақ- жауап, «ВЕНН» диаграмасы арқылы қорытындыланды. Ашық сабақ жақсы деңгейде өтті. Оқушылар белсенді түрде қатысып, қызығушылықтары басым екендіктерін дәлелдеді.  Аязбаева С.К.  6 «Б» сыныбында  Қазақстан тарихы пәнінен «Хақназар» тақырыбы ашық сабақ берді. Сабақ көңіл күйді көтеруден басталды. Үй тапсырмасында тарихи диктант, сәйкестендіру, тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындады. Мұғалімнің сыйы: көне күнтізбе әкеліп, тарих пәнінде сандардың орны ерекше екенін айтып өтті. Топтық, жұптық жұмыс жүргізілді. «ЖИГСО» әдісі арқылы жаңа тақырып түсіндірілді. Әр топқа елшілер келіп түсіндіріп отырды. Сабақ барысында мұғалім тек бағыт беріп, қолдау көрсетті. Ибраимова М.М, Каукарова Ә.Ж.  «Мектеп тарихы-менің тарихым» атты ғылыми-конференция 7-10 сыныптар арасында өткізді.  Ғылыми-конференцияға 7 оқушы белсене қатысып,  бірінші орын – Сейлханова Гулзат, екінші орын Каниева Малика, үшінші орын Қуатбек Перизат иеленді. Шара соңында белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.   Аканова Ж.С.10 «Б» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Внутренняя и внешняя политика Казахского ханства» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Психологиялық ахуалдан бастап сабақта ыңтымақтастық ұйымдастырудан бастады. Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға деңгейлік тапсырма беріліп, сараланды. Жаңа тақырып «Стоп кадр» әдісі арқылы видио көрсетілді. Шығармашылық тапсырмалар арқылы бейне фильм талданды. Сабақта әртүрлі әдіс –тәсілдерді қолданып, жекелей, жұптық, топтық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Тарих  пәндерінің мұғалімдері Омарова У.Ж., Аязбаева С.К., Сапаш Е.Т.  «100 жыл –І ғасыр» атты сайыс 5-7 жас сарбаздар сыныптар арасында өткізді. Әр сыныптан бес оқушыдан барлығы 15 оқушы қатысты.   Бірінші орын - Ильиясұлы Жан 97 жыл оқиғасымен айтты, екінші орын- Каирбаева Динара 96 жыл, үшінші орын – Бажақова Айгерім 95 жыл оқиғасымен және Бағдан Кәкімжан 93 жыл айтып мақтау қағазымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Белсене қатысқан оқушылардың барлығы алғыс хатпен марапатталды. География пәнінің мұғалімі Сахимова Г.Р. 10 «А» сыныбында «Экологиялық проблемалар және ғарышты игеру» тақырыбына ашық сабақ өткізді.  Оқушыларға шар арқылы көңіл күй сыйлады. Үй тапсырмасын жапырақта берілген тапсырмаларды орындатты. Жаңа тақырып бойынша видио көрсетілді. Сұрақ-жауап арқылы есте сақтау қабілеттерін тексерді. «Қоқыс жәшігі» әдісі арқылы тақырыпты өмірмен де байланысты екенін айтып өтті. «Микрофон» әдісі арқылы сабақты қорытындылады. Мұғалім өзінің шеберлігін көрсетіп, әр түрлі тәсілдермен сабақ сұрап білімдерін нығайтты. 6 «Ә» сынып Қазақстан тарихы пәнінен Е.Т. Сапаш «Хақназар» тақырыбы ашық сабақ  өткізді. Тыныштық сәті: тыныс алуға зейін қою. Мұғалімінің сыйы: флешкадағы құпия мәлімет «Хақназардың өмірі»  атты бейнесюжет көрсетілді. Үй тапсырмасында оқушылар «Қасым ханның қасқа жолы» атты көрініс  көрсетті. Жаңа тақырып «Жигсо» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне түсіндірді. Кітаптағы мәтінді постер арқылы қорытындылады. Тақырып бойынша түрлі деректерді, мәліметтерді тиімді пайдаланып, оқушыларды пәнге деген қызығушылықтарын арттыра білді.  У.Ж. Омарова  8 «А» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен  «ХІХ ғасырдағы мәдениеттің дамуы» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Наурыз» мерекесі ұйымдастырылды. Оқушылар бір-бірімен төс қағысып амандасудан басталды. Тыныштық сәті: тыныс алуға зейін қою. Мұғалімінің сыйы: «Шашу» шашылып, еліміздің тарихы  мен ұлттық ойындар жөнінде видио ролик көрсетілді. Сынып «ханталапай» ойыны арқылы төрт топқа бөлінді, «теңге алу»  ойыны арқылы суреттер жөнінде мәлімет берді. «Серпілген сауал» әдісі қолдана отырып, «Арқан тартыс» ойыны ойналды, «бәйге» ойыны арқылы төрт берілген  тапсырма бойынша жарысты.   Оқушылар ұлттық жарыстарға белсене қатысып, сабақ өте қызықты көңілді өтті. 

Апталық қорытындысы: Тарих, география және өзін-өзі тану пән мұғалімдері оқушылардың бойына ұлттық құңдылықты дәріптеді. Апталық жоғары деңгейде өткізілді.