«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы
21
октябрь
2019

«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы

«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы жалғасын табуда


«Маяковский атындағы орта мектеб» КММ- де «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы жалғасын табуда. Қазан айының 21- жұлдызында   жергілікті аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері - полиция капитаны инспектор Е.К.Джазыбаев, кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі аға инспектор, полиция капитаны А.М.Акимбаевалар мектебімізге арнайы келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты: оқушыларға қауіпсіздік шараларын түсіндіру, жолда абай болу, көліктегі қауіпсіздік ережелері, сонымен қатар, алғашқы көмек көрсетудің тәсілдері және шұғыл қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізу болды. 

Жан-жақты түсіндірме жұмыстарынан кейін оқушыларға сөз беріліп, қатысушылар тарапынан  сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтар негізінде оқушылар толыққанды жауаптар ала алды. 

Алдағы уақытта аталмыш кездесулер жалғасын тауып жатса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз деп білеміз.