«Мен және менің полицейім» республикалық акциясы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы
27
ноябрь
2018

«Мен және менің полицейім» республикалық акциясы

       Қараша айының 27 жұлдызында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушылары ел көлемінде іске қосылған «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы аясында аудандық полиция бөлімінде болып қайтты. 
     Акцияның мақсаты – полиция жұмысымен таныстыру, сондай-ақ, оларға көшеде, қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керектігін және бөтен адамдармен қалай сөйлесу қажет екенін үйрету. Оқушыларға тәртіп сақшыларына сенім білдіріп, оларды өздеріне дос әрі қорғаны санауға жағдай жасау.
Оқушылармен болған экскурссияға мектеп инспекторы, полиция капитаны Оңал Саяхатқызы, педагог-психолог М.М.Ибраимова және мектеп тәлімгері А.Т.Идрисова жетекшілік етті. Экскурссия барысында оқушыларға «Макарова» тапаншасы және «Калашников» автоматының құрылысы, шығу тарихымен таныстырылып, оны жартылай бөлшектеу және жинау жауынгерлік әдіс-тәсілдерін көрсетілді. Сонымен қатар, сақшылардың қызметтік көліктері көрсетіліп, оларға ішкі істер органдарының алдында тұрған міндеттері түсіндірілді. 
      Аталмыш танымдық жұмыстар жыл сайын өткізілетіндіктен, бірлескен жұмыс нәтижесі өз кезегінде оң нәтижеге қол жеткізуге ұмтылыс жасататыны бізді қуантады.