«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті
25
октябрь
2019

«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті

«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті


Қазан айының 25  күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ- нің 1- 11 сыныптар арасында «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттары  өтті. 

Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбие мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін   ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасын қалыптастыру. 

         1-11 сыныптар арасында «Менің қымбатты және сүйктілерім», Бақытты адам өз үйінде бақытты « отбасылық фотосуреттер көрмесі өтті. «Менің отбасымның тарихы», «Отбасындағы бос уақытты өткізу дәстүрі» ашық тәрбие сағаттары. «Менің шежірем», «Менің отбасымның естелік күндері» атты өз отбасылары туралы әңгіме – презентациялар 

        Өз отбасының тарихын зерттеу: отбасылық жәдігерлер, отбасы мүшелерінің мамандықтары, ата – аналар, әжелер, аталар. Бұл бағыт оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу бойынша басты бағыт болып табылады. 

         Отбасы тарихын зерттеу ересек отбасы мүшелері мен балалардың рухани жақындасуына ықпал етіп қана  қоймай, Отанын, салт – дәстүрін, тарихын танудағы алғашқы қадам болып табылады. 

         Отбасылық тәрбиенің мектеп өмірінде алатын орны маңызды.