Біздің оқушылар «Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі қатысушылары » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Біздің оқушылар «Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі қатысушылары
05
ноябрь
2020

Біздің оқушылар «Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі қатысушылары

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып оқушылары республикалық «Асыл жүрек»  фестиваліне қатысып, өз шығармашылығын ақ қағаз бетіне түсіріп, ойларын ортаға салған болатын. Фестивальдің міндеті мен мақсаты: оқушылардың шығармашылық қызмет арқылы рухани әлеуетін ашу,

шығармашылық бастаманы дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтар призмасы арқылы оқу пәндерін және қосымша білім беру пәндерін оқуға қызығушылықты қалыптастыру, білім алушыларды жобалық және зерттеу қызметіне, рухани ізденіске және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру үшін жағдай жасау болды. 

Түйінді мақсатқа келер болсақ, білім беру ұйымдары арасында оқушыларды адамгершілік–рухани тәрбиелеу бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу болып табылды.

Бүлдіршіндеріміз шынайы сезімдерін, нақты ойларын қағаз бетіне түсіріп қана қоймай, сондай-ақ, өз ортасындағы өзге жандардың көзқарасын бір сәтке болса да өзгертуге тырысты.