ЖИТС (СПИД) – ҒАСЫР ІНДЕТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2020

ЖИТС (СПИД) – ҒАСЫР ІНДЕТІ

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай 8 сынып оқушыларымен мектеп тәлімгері Г.Н.Шакманова «ЖИТС –ғасыр індеті» тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру болды. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыруӨткізу барысында ЖИТС-тің өзектілігін, сақтану жолдарын, пайда болу себептерін айтты. 

Оқушылар өз ойларымен бөлісіп: 

Жағымсыз істен аулақ бол,

Жақсы іске жақын бол!

Зиянды затпен жау болып,

Адамдыққа асық бол!- деп ойларын қорытындылады.