«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты көркем сөз оқулары ұйымдастырылды » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты көркем сөз оқулары ұйымдастырылды
17
февраль
2021

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты көркем сөз оқулары ұйымдастырылды

Қазақ поэзиясының мұзбалығы атанған ақиық, сыршыл, гуманист ғажайып ақынымыз Мұқағали Мақатаев тірі болса, 9 ақпанда торқалы 90 жасқа толар еді. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. 

Ақынның мерейтойына орай «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ кітапханасында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты көркем сөз оқулары ұйымдастырылды. Іс-шараға  4, 6, 7, 9 сынып оқушылары қатысты.

Мұқағали шығармаларынан Жомартов Жалғас, Сайлау Елдос, Бекбосын Аружандар  Отан, туған жер туралы жырласа, Оралханова Ажар мен  Қуатбек Перизат достық пен махаббат жайлы өлең жолдарын ортаға салды, ал Меделхан Мадина, Сансызбаева Элина, Қайырбек Айша –  тағдыр, өмір жайлы өлеңдеріне тоқталып өтті. Ақын поэзияның пәктігін, сұлулығын, 4-інші сынып оқушылары Мұқан Арайлым, Жапарова Алина, Канатов Жаңтөре және Муратбаев Ислам жақсы жеткізді.

Тау биіктігімен, теңіз тереңдігімең дала маңғаздығымен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен көрікті. «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсандар, онда мен не жазам, бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін» деген екен. Ендеше қашан да ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынды ұмытпайық, ағайын!