«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалдық сайысы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалдық сайысы өтті
10
октябрь
2019

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалдық сайысы өтті

10 қазанда «Жарма ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ  мектеп оқушылары арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалдық сайысы өтті. Сайысқа мектебіміздің 8 «А» сынып оқушылары Оралханова Ажар, Салеметханова Арайлым, Қуатбек Перизат қатысты. Сайыстың басты мақсаты халқымыздың асыл мұрасы мақал-мәтелдерді сақтау, кейінгі ұрпаққа аманат ету, рухани қазынамыз болып табылатын сөз құдіретін дәріптеу. Сайыс ІІІ кезеңнен тұрады, сайыстың қорытындысы бойынша «Жас қыран» тобы ІІ орынға ие болды. Оқушыларға   мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Оқушыларды сайысқа дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Е. Калмакбаева Алғыс хатпен марапатталды.