Биология және химия пәндер апталығы өткізілді » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Биология және химия пәндер апталығы өткізілді
06
декабрь
2021

Биология және химия пәндер апталығы өткізілді

29 қараша 3 желтоқсан  аралығында өткізілген «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейді мұнарасы тым биік...» атты тақырыбында биология және химия пәндер апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, суреттер сайысы, викториналар, сыныптан тыс іс- шаралар. Апта ағымында 5-11 сыныптар арасында «Туған өлкем – қандай көркем» атты суреттер бәйгесі өтті. 8-сыныптар арасында «Химияны қаншалықта жақсы білесіз?» сайысын ұйымдастырып, адамзаттың химия пәніне  деген сүйіспеншілігін арттыру, мақсатында көңілді іс-шаралар өткізді. Химия және биология   пән мұғалімі Жиренчина Д.Е. химия пәнінен «Водород. Физические и химические свойства. Получение и применение» атты  ашық сабақты пилоттық бағдарлама аясында «өзін-өзі тану сабағымен кіріктірілген сабақ өткізсе, биология пән мұғалімі Сулейменова Г.Т. 8 «Ә» сыныбында «Қан және қантамырлар жүйесі» тақырыбында өзін-өзі пәнімен кіріктіріп оқыту барысында кезекті сабағын жоғары деңгейде өткізді. Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен,сыйлықтармен марапатталды.