Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы өтті
11
декабрь
2020

Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы өтті

07.12-11.12.2020 ж күндері аралығында мектебімізде химия және биология пән бірлестігінің ««Қашықтықтан оқыту технологиясын  дамыту өркениетті қоғам  сұранысы»» атты апталығы өтті. 

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс – шаралар заман талабына сай қашықтықтан  өткізді. 

«Қазіргі таңдағы әлемді жайлаған-пандемия»тақырыбында 11 сыныптар арасында  видеороликтер жасалып,  9-10 сыныптар арасында химия және биология жайлы қызықты тәжірибелерге челлендж ұйымдастырылып 5-8 сыныптар арасында «Экология және біз» тақырыбына эссе жазылып, презентациялар  жасалды. 7 сыныптар арасында Ұлы ақын-Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, ақынның «Табиғат туралы» лирикалық  өлеңдерін оқу және суреттер көрмесі онлайн режимінде болды.

        Сонымен қатар жаратылыстану әдістемелік бірлестігіндегі әр мұғалім өздерінің кезекті ашық  сабақтарын ZOOM платформасымен өткізді. 

        Апталықтың соңғы күні қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.