20-наурыз – «Ұлттық спорт күні»
Мектебімізде «Ұлттық спорт күні» өтті. Мақсаты: ұлттық спорт түрлеріне жас ұрпақтың қызығушылықтарын арттыру. Аталған іс-шарада 5-7 сынып оқушылары арасында «Бес асық» ойыны, асық атудан, тоғызқұмалақтан және арқан тартудан жарыс өткізіліп, барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар марапатталды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы