«Алматының қызыл алмасы – берік және бақытты отбасының символы» атты инклюзивті игі фестивалі өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алматының қызыл алмасы – берік және бақытты отбасының символы» атты инклюзивті игі фестивалі өтті.
22
март
2024

«Алматының қызыл алмасы – берік және бақытты отбасының символы» атты инклюзивті игі фестивалі өтті.

2024 жылдың 21 наурызында  Алматы қаласында Халықаралық бақыт күніне орай  «Алматының қызыл алмасы – берік және бақытты отбасының символы» атты инклюзивті игі фестивалі өтті. 
Фестивальдің ерекшелігі – мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың құрдастарының бірлескен шығармашылық қойылымдарға қатысуы. Аталған фестивальға мектебіміздің 8- сынып оқушысы Жамбыл Бекарыс өз өнерін көрсетіп қатысушы болып  қайтты. Бекарыстың алғашқы өнер сапары қызықты да, тамаша естеліктерге толы болып, игілікті істің еншісін өзімен бірге ала келді. Бекарыстың шашбауын көтеріп, Наурыз мерекесі қарсаңында қамқорлық жасаған,  демеушілігін білдірген жеке кәсіпкер, омарташы - Тамирлан Талғатұлына ризашылығымызды білдіреміз!