«Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты түлектердің мектеп бітіру кеші » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты түлектердің мектеп бітіру кеші
22
июнь
2023

«Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты түлектердің мектеп бітіру кеші

Маусым айының 21 жұлдызында мектебімізде «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты түлектердің мектеп бітіру кеші болып өтті.
Кеш қонақтары мектеп қамқоршылық кеңесінің төрайымы Садыкова Жанна Тұрсынбековна, ардагер ұстаз Касенова Зауре Дармешевна болды.  Аталған іс-шара 2023 жылдың мектеп түлектерінің салтанатты таңыстыруымен басталды. 
Ең алғашқы құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Н.М.Садыкова беріліп, жылы сөздерімен өмірлеріне жарқын болашақ тілеп, биылғы оқу жылының «Алтын белгі» иегерлеріне төс белгілерін және түлектерге орта мектепті аяқтағандықтары туралы аттестаттарды табыс етті. 
Жүздері бал-бұл жанған түлектердің, ата-аналардың қуаныштарында шек болмады. Мектепке, ұстаздарға алғыстарын білдіруге шыққан ата-аналар  толқулары жылы лебіздерінен білініп тұрды. Кеш соңы әсем әндер кезегіне беріліп, көпшіліктің көңілінен шықты.
Маяковский атындағы мектептің 2023 жылдың түлектері! Жолдарың үнемі ақ болсын, сендер біз үшін әрқашанда бала болып қала бересіңдер. Сәт сапар дегіміз келеді.