Ұстаз-Ұлы есім » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2019

Ұстаз-Ұлы есім

Күздің  өңін кіргізер қазан айының алғашқы аптасы- білім нәрімен сусындатқан  Ұстаздар күнімен тұспа-тұс келеді. 

Ұстаз болу - жүректің батырлығы!  "Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі", - деп қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей   мектебімізде мәртебесі мол ұстаздар қауымына арналып бірқатар ауқымды іс-шаралар  болып өтті. 

Ұстаздардың  жүректерінен жол таба білген  мектеп оқушылары мерекенің бастауын   ыстық лебіздерін білдірген  қабырға газеттерін шығарудан бастады.  Қолына қалам ұстатуды үйреткен  ұстаздарына   деген  өлең шумақтары,  бояулы суреттері,  түрлі-түсті жапсырмалары  шын   көңілден шыққандығын айтпаса да түсінікті болды.  Таңсәріден мектеп қабырғасына жиналған оқушылар  ұстаздарын  мерекелік   көңіл күймен қарсы алып жатса, мектебіміздің бірыңғай  «Парасат»   жасөспірімдер ұйымы  өзін-өзі басқару күнінін ұйымдастырып,  өз істерін  бұлжытпай орындады. 

Мерекеге арналып  салтанатты  жиын өткізіліп, мектебіміздің  ардагер ұстаздары   бұл басқосудың  сыйлы қонақтары болды.  

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз демекші,  барлық Ұстаздар қауымына мереке құтты болсын демекпіз!