10
октябрь
2024
🍁 "Күзгі асар" жәрмеңкесі
🍁 "Күзгі асар" жәрмеңкесі
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектебімізде мектеп парламентінің мүшелерінің ұйымдастыруымен 1-11 сыныптар арасында "Күзгі асар" жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан мақсатымыз күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру болды.
Әр сынып әртүрлі тағамдар дайындап, тағам түрлерінің санитарлық талапқа сай жасап жабдықтады. Күзгі жәрмеңке бірнеше критерийлер бойынша ұйымдастырылды. Тағам бағасы, тақырыпқа сай безендіру, оқушылардың киімі (қалпақ, алжапқыш, медициналық қолғап) талапқа сай болып басты міндетке алынды. Бұл іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып оқушылары, сынып жетекшілер, ата-аналар белсене қатысты. Жәрмеңке барысында 4 сынып "Әкелер мектебі" мүшелері арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Сазды музыка аясында, күншуақта көңілді өткен бұл мерекеден қатысушылар адамгершілік-этикалық тәрбие ала отырып, экономикалық білімдерін кеңейте түсті деуге болады.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма