Күзгі жәрмеңке » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2019

Күзгі жәрмеңке

Күзгі жәрмеңке


Міне, сары сабаз  жаңбырлы күз де келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. 

Тәрбиенің бір бағыты- баланы еңбекке тәрбиелеу болса, нағыз еңбектің нәтижесі баланың  бал-бұл жанған жүзі десек қателеспейміз Осы күндердің нағыз шырайы- мектеп ауласында шат-шадыман бала күлкісімен  өңі кіретін оқушыларымыздың күзгі жәрмеңкесі болып табылады.

Жәрмеңке- еңбегі екі еселене түсетін, пайдасы мол оқушы еңбегінің жарқын көрінісі. Бұл күні  мектеп ауласына қаз қатар тізілген үстелдер, түрлі-түсті боялар нақышында салынған суреттер мен  сатушы бейнесін сомдайтын  оқушылар мен сынып жетекшілер қызу жұмыс жасайды. Ең бастысы- бұл күні Үштік Одақтың   тығыз байланысы орын алады. Яғни, жәрмеңкеде мектеп- ата-ана және оқушының бірлескен жұмысын көруге болады. Ұйымдастырушы сыныптар тарапынан (6 «Ә», 6 «Б», 4 «Ә», 4«Б» сынып жетекшілері Касенова З.Д, Балтабаева Р.А, Омарова А.Т., Мухамеджанова Г.К.) күз көріністерінен тақпақтар айтылып, әсем әндерімен  жәрмеңкеге   келушілердің   көңіл күйлерін көтерді. 

 Дәстүрге айналған күзгі жәрмеңке келер жылы да өз жұмысын жалғастырады. Еңбек түбі-береке екенін әрқашан да жадымыздан шығармағанымыз жөн.  Ендеше, күзгі жәрмеңкеге қош келдіңіздер демекпіз!