Облыстық "Айбын" әскери-партиоттық спорт түрлері турнирі » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Облыстық "Айбын" әскери-партиоттық спорт түрлері турнирі
14
май
2023

Облыстық "Айбын" әскери-партиоттық спорт түрлері турнирі

Облыстық "Айбын" әскери-партиоттық жастар жиынын әскери-спорттық клубтар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері турнирі 11.05 - 13.05.2023 ж. Шүлбі кенті   "Ұлан"  оқу-патриоттық орталығында өтті
Жарысқа Жарма ауданы құрамасының атынан мектебімізден  4 оқушы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша оқушылар өз шеберліктерін ортаға салып жақсы нәтиже көрсетті.
Жарма ауданының командасы "Айбын" әскери  патриоттық жастар жиынында жалпы командалық есеппен 2 орынды жеңіп алды.  Жекелей сайыстарда "Жас сарбаз" сыныбының 10 сынып оқушысы Қалиқанов Анвар ұлдар арасында  "газтұтқышы және плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию" кезеңінде 3 - орынды иеленді, және  "Жас сарбаз" сыныбының 8 сынып оқушысы Бекбосын Аружан қыздар арасында  "газтұтқышы және плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию" кезеңінде 3 - орынды иеленіп мақтанышпен оралды.
Жетекшілері Маяковский атындағы орта мектебінің Жас Сарбаз сыныбының офицер-тәрбиешісі Садуов Алмас Арманұлы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!!