«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ республикалық форумы өткізілді. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ республикалық форумы өткізілді.
27
август
2023

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ республикалық форумы өткізілді.

2023 жылы тамыз айының 24-25 күндері Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ауыл мектептерінің жас мұғалімдеріне арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ республикалық форумы өткізілді.
Жарма ауданы Қалбатау ауылы "Маяковский атындағы орта мектебінің" жас ұстаздары Абдулдинова Аида Айдарханқызы және Берикболов Орынбек Дәулетұлы  форумға қатысып қайтты. Форум  жұмысы ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалімдердің рөлін нығайтуға  және қолдауға бағытталған. Форумға әр өңіріміздің мектептерінен жиналған  176 жас ұстаз қатысты. Делегаттарды Білім жөніндегі жаһандық комиссияның Азия хабының комиссары Күләш Шәмшидинова мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының
орынбасары Азамат Жанкеев қарсы  алды. Форумда оқу -ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен "галстуксіз кездесу",  педагогикалық квест, TED talks және трениргілер өткізілді. Сонымен қатар форум қонақтары Forbes-50 Казақстан  тізіміне енген, табысты «Айтас KZ» холдингінің бас директоры Серик Толукпаев және «Qazaqstan Team» республикалық, қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Олжас Сулейменов сияқты тұлғалармен мотивацияға толы кездесулер ұйымдастырылды.