" Мерейлі ұстаз "облыстық педагогикалық форумы өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » " Мерейлі ұстаз "облыстық педагогикалық форумы өтті.
06
май
2023

" Мерейлі ұстаз "облыстық педагогикалық форумы өтті.

Бүгін, 5 мамыр  күні Семей қаласының № 44 жалпы білім беретін мектебінің базасында " Мерейлі ұстаз "облыстық педагогикалық форумы өтті. Форумда  300-ге жуық педагог мамандар бас қосты.
Форумның пленарлық отырысына Абай облысы  білім басқармасы басшысының орынбасары  Нүскенова Әсем Хасенқызы, Әлихан Бөкейханов атындағы университеттің аға оқытушысы Мамырбеков Арафат Мәжитұлы, облыстың білім басқармасының "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының" білім менеджменті бөлімінің басшысы Гүлнара Тұрғалиқызы Мұқанова қатысты.
Отырыс барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің сапалық көрсеткіштері, педагогтердің құзыреттілігін дамыту жолдары, педагогтердің үздіксіз білім беру аспектісіндегі эмоционалды интеллект талқыланды.
Одан әрі шығармашылық алаңдарда шеберлік сыныптары өткізіліп, біздің мектептің педагогтары өз жұмыстарының  іс-тәжрибесімен бөлісті.
Жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары және білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін шығармашылық алаңның жұмысын педагог-психолог  И.Т. Тагиева эмоционалды интеллект деген не және ол басшыға не үшін қажет екендігі туралы ой тастаумен бастады.
Ашықтық  және психологиялық қауіпсіздік жайлы атмосфераны құруда  И.Т. Тагиева   "Әлемдік кафе" ("Тhe world Cafe") форматын қолданып,  әр қатысушыны әңгімеге тарта алды. Нәтижесінде  қатысушылар жай ой бөлісіп қана қоймай, эмоционалды интеллектің менеджер үшін қаншалықты маңызды екенін сезіне білді.
Әрі қарай мектеп директоры Н.М. Садыкова нәтижелі қарым-қатынас пен мұғалімдердің кәсіби өсу факторы ретінде сындарлы көшбасшылық тәжірибесімен бөлісті. Ол мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінің дағдыларын жақсарту және көшбасшылықты дамыту үшін қандай жағдайлар жасалу керектігіне мысалдар келтірді. Өз сөзінде бүкіл ұжымды жоғарыдан төменге қарай жігерлендіріп, оқу мен оқыту процесін күн сайын үздіксіз жақсартуға мүмкіндік беретін кері байланыс алу керек екенін ерекше атап өтті. Сондай - ақ, сындарлы көшбасшылық-бұл жұмыс, жұмыс және тағы да жұмыс екенін баса айтып, ең алдымен  тұлғаның  жұмысты өзінен бастау керектігін  нақтылады. Бұл ретте  көшбасшының міндеті-армандау деп,  немқұрайлы, пассивті және ынта-жігері  төмен адамдардың көздеріне  үміт отын ұялататын  армандарды шынайы істерге айналдыру  маңыздылығына тоқталып өтті.
Директордың тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары, мектептегі жас педагогтардың тәлімгері А. С. Ахметкаримова өзінің бақылауларымен бөлісіп, көшбасшы болған кезде мұғалімнің рөлі қалай өзгереді деген сұраққа тоқталды. Ол біріншіден, мұғалім өзінің кәсіби өсуіне ғана емес, сонымен қатар әріптестерінің кәсіби өсуі мен дамуына да жауапты болатындығын, көшбасшы мұғалімге жақын жерде кім жұмыс істейтіні маңызды еместігін айтты.  Өз тәжірибесінде белгілі бір дағдылармен көшбасшы мұғалім айналадағы  серіктестері үшін ерікті тәлімгер,  әдіскер болады деген оймен бөлісіп,  көшбасшы мұғалімнің өз кезегінде  оқыту мен оқыту проблемаларын талдай, анықтай алатыны мен  белгілі бір педагогикалық әрекетті жетілдіруге бастамашы болатынын атап көрсетті..
Директордың оқу-тәрбие  ісі-жөніндегі орынбасары С. С. Мурсалимова әдістемелік жұмыстағы өзгерістеріне  қысқаша шолу жасап, нақты айтқанда бірнеше жыл бұрын дәстүрлі әдістемелік бірлестіктерден мектептің шағын ұстаздар топтарының  «зерттеу қауымдастықтарына» көшкендігін  айтты. Бастапқыда "қалыптастырушы бағалау", "семантикалық оқу", "субъектіге бағытталған педагогикалық процесс" заманауи технологияларын игеру бойынша "Lesson study"педагогикалық тәсілін зерделеу және қолдану бойынша қауымдастықтар құрылып, бүгінде бағытты жұмыстардың нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп отырғандығын  айтып өтті.Өз сөзінде зерттеу қауымдастықтарындағы іс-шаралар мұғалімдерді заманауи инновациялық сабаққа терең баулитынын және  оқыту мен оқу процесі оқушының дамуына бағытталуы үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалай арттыруға болады,  пән бойынша оқыту сапасын қалай көтеруге  болады деген сұрақтарға мейлінше  дұрыс жауап ала алу қабілетіне қол жеткіздік деп көрсетті. 
Ашық  диологтық алаңда "Мобильді көмек қызметі" пилоттық жобасын іске асыру бойынша әлеуметтік педагог А.Ж. Төлегетаева мен педагог-психолог А. О. Ұлыбаева әлеуметтік педагог пен педагог-психологтың өзара іс-қимылының рөлі туралы әңгіме қозғап, мінез-құлық өзгерістерін ынталандыру үшін "тәуекел тобының" оқушыларымен жұмыс, тәуекел тобының отбасыларымен және балаларымен жұмыс істеудің белгілі бір жүйесі туралы іс-тәжірибелерін ортаға салып қайтты.