Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай салтанатты тізіліс өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай салтанатты тізіліс өтті
24
январь
2020

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай салтанатты тізіліс өтті

Ұлы ақынның өнегелі өмірін, даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау,  мерейлі торқалы тойын тойлаудың тұсаукесерін жасау мақсатында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты салтанатты тізіліс өткізілді. 

Тізіліс  мектеп директоры Н.М.Садыкованың құттықтауымен басталып, ақынның өмірі мен өнегесін баяндайтын қанатты сөздерімен   жалғасын тапты. Оқушылардың  «Мен қазақпын!» атты қазақтың рухын көтеретін әніне орындаған билері, 11 сынып оқушысы  Джаканова Жанельдің «Абайға арнауы», мектеп мұғалімдері мен оқушылардың бірігіп шырқаған «Желсіз түнде жарық ай»  әні көпшіліктің  санасына Абай рухын оятты десек қателеспейміз. 

     Тәуелсіз Қазақстан елі әлемдік өркениет көшіне жол тартқан тарихи кезеңде хакім Абайдың асыл мұралары болашаққа жол бастап, темірқазық болып отыр. Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның шығармаларын кейінгі толқын көкірегіне тоқып, көңіліне шамшырақ етіп алары сөзсіз.

Ақынның торқалы тойын жоғары деңгейде атап өту- біздің міндетіміз   деп білеміз.