«ХХІ ғасыр-нақты ғылымдар ғасыры» атты математика, физика, информатика апталығы өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ХХІ ғасыр-нақты ғылымдар ғасыры» атты математика, физика, информатика апталығы өтті
31
январь
2020

«ХХІ ғасыр-нақты ғылымдар ғасыры» атты математика, физика, информатика апталығы өтті

27-31 қаңтар аралығында «ХХІ ғасыр-нақты ғылымдар ғасыры» атты математика, физика, информатика апталығы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты: Жаңа инновациялық –ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың физика, математика, информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру. Апталық дүйсенбілік тізілістегі салтанатты ашылудан басталды. Апта барысында аталған үш пәннен қызықты ашық сабақтар, сыыптан тыс іс – шаралар мен конкурстар өткізілді. Соның ішінде физика --пәнінен 7-9 сыныптар арасында «Қызықты физика» сайысы өтті. Сайыс барысында әр сыныптан оқушылар топ құрып, өздерінің білімдерін көрсете білді. Үш пән бойынша қызықты сұрақтарға жауап бере оқушылар құнды сыйлықтар ұтып алды. Математика пәнінен І-орын 9 «Б» сынып оқушысы Бритнер Алена, ІІ-орын  8«А» сынып оқушысы Бекмұратова Камила, ІІІ-орынды7 «А» сынып оқушысы Хамит Айғаным иеленді.  Физика пәнінен «Сұраққа жауап бер» сайысында І-орын 9«Ә» сынып оқушысы Қаирбаева Лимара, ІІ-орынды  10 «Ә» сынып оқушысы Құмарбек Аяулым иеленді. Информатика пәнінен І -орынды 10 «Ә»сынып оқушысы Ақзамова Дания, ІІ-орынды 10 «Ә» сынып оқушысы Аблайхан Әнел иеленді, Сонымен бірге математика пәнінен 5-10 сыныптар аралығында «Математика-ғылымдар патшасы» атты ақпараттық тақта сайысы өтті. Нәтижесінде 10 «Ә», 9 «Ә», 6 «А» сыныптары сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген іс-шаралар жоғары әдістемелік деңгецде өтіп, көпшіліктің көңілінен шықты.