Материалы за Апрель 2024 года » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2024 года
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің апталығы болып өтті.
30
апрель
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің апталығы болып өтті.
22-26 сәуір аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің апталығы "Тіл-асыл қазына" айдарымен өтті. Апталықтың басты мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, мемлекеттік тілге құрмет көрсету, қадір тұту, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.  Апталық барысында ашық сабақтар, іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
«Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті.
30
апрель
2024
«Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті.
1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні оқушылрды ынтымақтастыққа, достыққа, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатында  6-сынып оқушылары арасында «Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті. Сайыс нәтижесінде белсенділік танытқан сыныптар марапатталып, бір шаңырақ астындағы достық пен ынтымақтастықты нағыз көрінісін тапты дегіміз келеді.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
1 мамыр-Халықтар бірлігі күні, сынып сағаттары мен спорттық эстафета ұйымдастырылды.
30
апрель
2024
1 мамыр-Халықтар бірлігі күні, сынып сағаттары мен спорттық эстафета
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында мектепте көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі екендігін ұрпаққа ұлағаттау мақсатында «1 мамыр-Халықтар бірлігі күні», «Бейбітшілік-ел тілегі» тақырыбындағы сынып сағаттары өтіп, «Мен, сен, ол, бәріміз-тұтас елдің сәніміз» спорттық эстафета ұйымдастырылды.  Мамыр меркесі елдің бірлігін одан сайын нақтап, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашсын деп тілейміз.
Генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың жүлдесіне арналған облыстық спорттық-әскери жарыс
26
апрель
2024
Генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың жүлдесіне арналған облыстық
2024 жылдың 26 сәуір күні Семей қаласында Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың жүлдесіне арналған облыстық спорттық-әскери жарыста Маяковский атындағы орта мектебінің 11 «Жас Сарбаз» сыбының оқушысы Каликанов Анвар  автоматты жартылай бұзып жинаудан ұлдар арасында І-орынға ие болды. Сонымен қатар офицер-тәрбиеші Есмұратов Арман Қажымұратұлы аталған жарыста үздік нәтиже көрсеткені үшін Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен
"Магниттік мектеп оқушыларына арналған оқу сессиялары" семинар
26
апрель
2024
"Магниттік мектеп оқушыларына арналған оқу сессиялары" семинар
"Тірек және магниттік мектеп: ынтамақтастық, қолайлы орта" қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдеріне арналған оқыту семинары, "Магниттік мектеп оқушыларына арналған оқу сессиялары"
«Мектебіме мың алғыс!» қашықтық видеороликтер байқауының аудандық кезеңі
26
апрель
2024
«Мектебіме мың алғыс!» қашықтық видеороликтер байқауының аудандық
Бітіруші түлектерді ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлауға, еңбегін әрқашанда бағалай білуге, адамгершілік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткен облыстық «Мектебіме мың алғыс!» қашықтық видеороликтер байқауының аудандық кезеңінде «Үздік клип» бағамы бойынша мектебіміздің түсіру тобы жүлделі І орынды (жетекшісі Г.Р.Ленсова) иеленді. Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!
Магниттік мектеп оқушыларына арналған оқу сессиялары» атты кезекті оқушыларға арналған қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқыту сессиясы ұйымдастырылды.
25
апрель
2024
Магниттік мектеп оқушыларына арналған оқу сессиялары» атты кезекті
Мектебімізде «Магниттік мектеп оқушыларына арналған оқу сессиялары» атты кезекті оқушыларға арналған қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқыту сессиясы ұйымдастырылды.   Семинардың басты мақсаты – магниттік мектептердің білім алушыларына оқу пәндерін оқыту барысында заманауи жабдықтар арқылы сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету.  Сабақтар жаңашыл платформалар аясында оқушының мотивациясын көтеруде өткізілді. Қазақ тілінен – 3, әдебиеттен – 1, орыс тілі – 3, ағылшын тілі – 4, Қазақстан
«Тірек және магниттік мектеп: ынтымақтастық, қолайлы орта» атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.
25
апрель
2024
«Тірек және магниттік мектеп: ынтымақтастық, қолайлы орта» атты
25 сәуір 2024 жылы мектебімізде «Тірек және магниттік мектеп: ынтымақтастық, қолайлы орта» атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинар мақсаты: магниттік мектептердің педагогтеріне әдістемелік қызмет жағынан кәсіби қолдау көрсету. Мұғалімдерге арналған әдістемелік қызметке көмек көрсету барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, ағылшын тілі пәні мұғалімдері және тарих пәні мұғалімдері топтық, жұптық
«Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-байқауының аудандық кезеңі
25
апрель
2024
«Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері
Балалар шығармашылық бірлестіктерінің дамыту, қолдау мақсатында өткен «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-байқауының аудандық кезеңінде «Драмалық спектакль» бағамы бойынша «Аққулар ұйықтағанда» көрінісімен мектебіміздің командасы (жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Қ.Қ.Наушабаева, А.А.Кенжебекова) жүлделі ІІІ орынды иеленіп, «Үздік қыз бала рөлі» номинациясымен 8 сынып оқушысы А.Қаирбек марапатталды.  Жеңімпаз команданы жеңістерімен құттықтаймыз!