Күз-береке бастауы...
Жылдағы дәстүр бойынша «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де «кезекші» сынып оқушылары арасында «Күз-береке бастауы» атты шығармашылық сайысы өткізілді. Бүдіршіндеріміз өз қолымен, ойымен, қиялымен жасаған суреттерін, түрлі –түсті аппликацияларын, экибаналары мен шағын ертегілер әлемінен алынынып көріністі қолөнерлерін сайысқа әкелді. Бірінен-бірі әсемдігі мен қиялшылдықтары асып түсетін туындыларымыз бүгінде мектепте көрме ретінде қойылып, көпшілікке ұсынылды.
Мерекенің өтуіне «Жас ұлан» ұйымының белсенділері де ат салысты. Айта кетсек, Ұландарымыз бірінші болып қылқалам қиялынан туған суреттерін ұсынған болатын.
Біз қиыншылыққа мойымаймыз, біз-еңсеміз түспейтін Ұландармыз деген ұранмен алдағы уақыттарда да іс-шаралардың жоғары деңгейде өтетініне сеніміз мол демекпіз!