«Ұланбасы» сайлауы болып өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сентябрь
2021

«Ұланбасы» сайлауы болып өтті.

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 24.09.2021 жыл күні «Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқаруы бойынша «Ұланбасы» сайлауы болып өтті.
"Ұланбасы" сайлауы офлайн форматта мектеп қабырғасында, жасырын дауыс беру арқылы өткізілді. Мектепшілік «Ұланбасы-2021» сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мақсатында сайлау комиссиясы құрылып, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы үміткерлігіне алдын – ала байқау жарияланды. Байқау талаптары бойынша 4 үміткер тіркеліп, үміткерлер өздерінің жеке бағдарламалық портфолиолары мен ұтымды ұсыныстарын сайлаушылар назарына ұсынған болатын. Дауыс берушілер (ұстаздар, оқушылар) үміткерлердің жеке бағдарламалары және ақпараттық үгіт-насихат материалдарымен таныс болып, өз таңдауларын жасады. Дауыс беру нәтижесі 24.09.2021 жыл күні, сағ. 17.00-де жарияланып, 8 «Б» сыныбының оқушысы Қаирбек Айша Ризабекқызы «Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқаруы бойынша «Ұланбасы» болып сайланды.
Қаирбек Айша Ризабекқызын жеңісімен құттықтаймыз!