Іс-шара » Страница 27 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құрмет грамотасымен марапатталды
30
август
2023
Құрмет грамотасымен марапатталды
Кемелді келешекке аяқ басып отырған еліміздің білімді азаматтарын оқыту мен тәрбиелеу жолындағы сіңірген еңбегі үшін «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ 8 –сынып «Жас Сарбаздар» сыныбының офицер-тәрбиешісі Ж.С.Сәрсембай «Абай облысының білім басқармасы» ММ-нің Құрмет грамотасымен марапатталды. Әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз!
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ республикалық форумы өткізілді.
27
август
2023
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ республикалық форумы өткізілді.
2023 жылы тамыз айының 24-25 күндері Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ауыл мектептерінің жас мұғалімдеріне арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ республикалық форумы өткізілді. Жарма ауданы Қалбатау ауылы "Маяковский атындағы орта мектебінің" жас ұстаздары Абдулдинова Аида Айдарханқызы және Берикболов Орынбек Дәулетұлы  форумға қатысып қайтты. Форум  жұмысы ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалімдердің рөлін нығайтуға  және қолдауға бағытталған. Форумға әр өңіріміздің
Абай облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.
26
август
2023
Абай облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.
2023 жылдың  24-тамызында Абай облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа отырысы аясында облыстық білім беру мекемелерінің арасында ұйымдастырылған «Үздік білім беру ұйымы -2023»конкурсының қортындысы шығарылып,  дүбірлі білім додасының қатысушыларының ортасынан "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ топ жарып,  облыс әкімінің орынбасары  Байбеков Ш.З. мектебімізге  10 млн. теңгенің сертификатын табысатады.  Білім жеңісі мектеп ұжымының жылдар бойы жинақтаған біріккен
Спорт күніне орай марапаттар
23
август
2023
Спорт күніне орай марапаттар
Жарма ауданы әкімінің жүлдесі үшін, Қазақстан Республикасының спорт күніне орай өткен XV-ші Халықтық спорт ойындарында спортқа қосқан еңбегі үшін Сапариянов Тоқтар Толеумуқанович төс белгімен марапатталса, Таширяев Ерлан Сталович алғыс хатпен марапатталды!
Сыйлыққа берген азаматқа алғыс айтамыз
14
август
2023
Сыйлыққа берген азаматқа алғыс айтамыз
Кітап оқып білімін шыңдаймын деген  жастарға ұсынылған құнды әдебиеттер  мектеп кітапханасы сөресінен орын алды.  Баланың көңілін аулайтын, рухани байлығын жетілдіретін даналығы- кітапты. сыйлыққа берген Берік Уалидей азаматқа алғыс айтамыз.
Республикалық акция бастау алды.....
01
август
2023
Республикалық акция бастау алды.....
Республикалық акция бастау алды..... Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған,  көпбалалы  отбасылардан шыққан және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына
"Шапағат" жазғы лагері
10
июль
2023
"Шапағат" жазғы лагері
10 шілде күні "Шапағат" жазғы лагерінде "Мені қоршаған орта" тақырыбында патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында ауыл саябақтарына саяхат ұйымдастырылды. Саяхат табиғат аясында ерекше форматта өткізілді. Балалар ата-аналар көмегімен жасалған азық-түліктерімен бөлісіп, ойын ойнап керемет көңіл-күймен аяқтады.
"Шапағат" жазғы лагері
05
июль
2023
"Шапағат" жазғы лагері
5 шілде күні "Шапағат" жазғы лагерінде патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында "Менің туған өлкем" атты тақырыпта суреттер сайысы ұйымдастырылды. Сайыс табиғат аясында ерекше форматта өткізілді. Балалар өздері таңдап алған суреттер бойынша 4 топқа бөлініп, тақырып төңірегінде барынша бейнелеуге тырысты. Туған жер арқылы еліміздің өткені мен болашағын байланыстырып, нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі ерекше екендігін түсіне алды.
"Шапағат" жазғы демалыс лагері
04
июль
2023
"Шапағат" жазғы демалыс лагері
4 шілде күні "Шапағат" жазғы лагерінде Астана күніне орай "Нұрлы қалам-АСТАНАМ" атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс шара барысында балаларымыз өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Бір ерекшелігі бұл іс-шараға тәрбиешілерімізде ән айтып оқушы жүрегіне жол таба алды. Бағдарлама соңында өнерлерімен ерекшеленіп, белсенділік танытқан оқушыларымыз мадақтамалармен марапатталды.