Іс-шара » Страница 50 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас мамандар мектебі"-нің кезекті отырысы өтті
16
ноябрь
2022
"Жас мамандар мектебі"-нің кезекті отырысы өтті
Жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу, кәсіби құзыреттілігін тиімді дамытуға, әдістемелік дағдыларды қалыптастыру мақсатында "Жас мамандар мектебі"-нің кезекті отырысы өтті. Отырыста мектеп психологы мен көпжылдық тәжірибесі бар ұстаздар  сапалы сабақ өткізу шеберлігін дамыту жолдарымен, оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жолдарымен бөлісті, педагогикалық шеберлік бойынша ақыл-кеңестер мен ұсыныстар айтылды.
Республикалық  олимпиаданың   мектепішілік кезеңі өтті
13
ноябрь
2022
Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті
12.11.2022 жыл күні мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық  олимпиаданың   мектепішілік кезеңі өтті. «Дарын жеке жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн- білім сайысына  үш жүзден аса оқушы қатысып, бақтарын сынады. Жүзден  жүйрік  шыққан  оқушыларымыздың жұмыс нәтижесі сараланды.  Алдағы сынға жолдама алатын қатысушыларға сәттілік дегіміз келеді!
Шәкәрім керуені Жарма ауданында
13
ноябрь
2022
Шәкәрім керуені Жарма ауданында
11 қараша күні  мектебімізде Жарма ауданы бойынша мектеп түлектерінің басын қосқан Семей қаласы Шәкерім университетінің білікті  ұстаздары мен студенттері «Мамандықты дұрыс таңдайық»  атты кеңес беру және «Prof Unit» мобильді тобының акциясын, «Білім апгрейді» тренингі  және бейіндік пәндер бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Жекелеме пәндер бойынша  сұхбатты  түсіндірме жұмыстарын жүргізген іс-шарада түлектер пікірлерімен алмасып,  көкейкесті сұрақтарға толыққанды жауап ала алды. Қызықты да
Шайхана психологтармен
12
ноябрь
2022
Шайхана психологтармен
Жас маман үшін ең қиын жұмыстың алғашқы жылдары. Теориялық білімді практикада қолдануға дайын болумен қатар, мұғалімнің педагогикалық ұжымда бейімделе білуі де маңызды. Жас мұғалімдердің жақсы жұмыс істеуі үшін оларға сенімділік, жағымды эмоциялар қажет.  Жаңадан келген мұғалімнің педагогикалық жұмысында көптеген қиындықтар мен қиын жағдайлар пайда болуы мүмкін. Жас педагогтардың кәсіби дамуына психологиялық көмек көрсету мақсатында педагог-психологтар Тагиева И.Т. және Ибраимова М.М. «Шайхана
«Бақыттымыз бәріміз!»  ерекше балалары бар ерекше аналарға көмек көрсету мақсатында кездесу өткізді
11
ноябрь
2022
«Бақыттымыз бәріміз!» ерекше балалары бар ерекше аналарға көмек
Педагог-психологтар Тагиева И.Т. және Ибраимова М.М. «Бақыттымыз бәріміз!»  ерекше балалары бар ерекше аналарға көмек көрсету мақсатында кездесу өткізді. Бұл не кездесу деп, сіз сұрасаңыз? Бұл біздің аналарымыздың күнделікті өмірін бір мезгіл ерекше ету. Бұл аналардың аз да болса өзіне уақыт бөлуге, күштерін толықтыруға, қолдауды сезінуге көмектесетін әрекет. Олардың әрқайсысы өте қиын кезеңді бастан өткеруде, сондықтан аналар балаларын ұзақ уақытқа  қалдыра алмайды. Олар күш-қуат алу үшін
«Кітап құрылымы»  атты кітапханалық сабақ ұйымдастырды
07
ноябрь
2022
«Кітап құрылымы» атты кітапханалық сабақ ұйымдастырды
Күзгі демалыс уақытында  «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің   кітапхана  қызметкерлері  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап құрылымы»  атты кітапханалық сабақ ұйымдастырды. Екі тілде 4 сыныптар арасында өткізілген іс-шара  жас оқырмандарды кітап  құрылысының элементтерімен таныстыра отырып, кітапті қадірлеуге, ұқыпты ұстауға  және оқуға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиеледі. Сонымен қатар, «Читающие дети – умнее всех на свете» кітапханалық көрме ұсынылып, оқырмандардың
«Жас математик» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті
04
ноябрь
2022
«Жас математик» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті
2022 жылдың 4 қараша күні 5-7 сынып оқушылары арасында «Жас математик» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға мектебімізден 2 команда қатысты. Нәтижесінде 5 сынып оқушысы  Ильясқызы Жанеля 2-орын,  Ермек Аяла 3-орынға ие болды. Жалпы командалық есепте  мектебіміздің  оқушылары 3- орынға ие болды. Оқушылар мен жетекшілерді құттықтаймыз! ---------------------------------------------------------- 4 ноября 2022 года среди учащихся 5-7 классов был проведен районный  конкурс " Жас
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының  облыстық кезеңі өтті
04
ноябрь
2022
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен  Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 3 қарашасында  2-7 сынып оқушылары арасында  «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының  облыстық кезеңіне мектебізден  екі  оқушы қатысты. Нәтижесінде  5— сынып оқушысы Таширяева Томирис 1 орын, 6- сынып Қабдеш Сәтжан  2 орынға ие болды.  Таширяева Томирис  республикалық кезеңге жолдама алды.Оқушыларымызды,  жетекшілері
«Алау - 2022» облыстық әскери-спорттық ойыны
04
ноябрь
2022
«Алау - 2022» облыстық әскери-спорттық ойыны
«Алау - 2022» облыстық әскери-спорттық ойыны 2022 жылдың 01.11-04.11 аралығында онлайн режимінде 8 «Жас Сарбаз» сыныптары арасында облыстық әскери – спорттық «Алау» ойындары өтті. Жарысқа ауданымыздан Маяковский атындағы орта мектебінің «Жас Сарбаз» 8 сынып оқушылары қатысты. Жарыс 5 айналым бойынша өткізілді, олар: кермеде тартылу (ұлдар), шалқадан жатып кеудені көтеру (қыздар), АК-74 автоматты толық есмес бөлшектеу, жинақтау, «Берпи» жаттығуды орындау және газтұмылдырықты кию. Жарыс
Мектепішілік тоғызқұмалақ, дойбы үйірмесі өткізілді
03
ноябрь
2022
Мектепішілік тоғызқұмалақ, дойбы үйірмесі өткізілді
03 қараша 2022 жылы Маяковский атындағы орта мектебінде күзгі демалыс кезінде мектеп оқушылары арасында мектепішілік тоғызқұмалақ, дойбы үйірмесі өткізілді. Барлық  оқушылар белсене қатысты және де ойын барысында логикалық ойлау қабілеттерін арттыратын жаттығулар өткізілді. Үйірме жұмысының мақсаты:оқушыларды дойбы, тоғызқұмалақ ойынына баулу, әдіс-тәсілдерімен таныстыру, шеберліктерін шыңдау. --------------------------------------------------- 3 ноября 2022 года в период осенних каникул в