Іс-шара » Страница 46 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ерекше оқушыларымызға тәтті базарлықтар таратылды
30
декабрь
2022
Ерекше оқушыларымызға тәтті базарлықтар таратылды
Жаңа Жыл мерекесі жақсылықтар жасаудан басталды. Бала көңілі мен қуанышы әр адам үшін маңызды деп білсек, сол балалардың көздерінен үміт отын жағудың өзі бір ғанибет емес пе! Мектебіміздің «ерекше» балаларымен жекелеме жұмыс жасайтын  ұстаздары Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында балаларға арналған тамаша сыйлықтарымен «ерекше» балалардың отбасылық  қуаныштарына куә болды.  Жүректері жылуға толы, мейірімділік пен жомарттықты қатар қоя білген мектеп ұстаздарына айтар алғысымыз шексіз дегіміз келеді.
Жаңа жылға сыйлықтар
30
декабрь
2022
Жаңа жылға сыйлықтар
Биылғы жаңа жыл мектебіміздің үйден оқып білім алатын (10 оқушы)   оқушылары үшін тамаша сыйлықтарымен  есте қалды.  Әр жыл сайын Жаңа жыл мерекесінде қайырымдылықты дәстүрге айналдырған мектебіміздің түлегі Асылжан Шайдоллаұлы Диканбаев өз атынан тәттілер салынған дорбаларын осы жылы да ерекше балаларға тарту етті. Қайырымдылық жасау атадан қалған дәстүр десек, дәстүр жалғасын таба білген, ата-аналар мен балалардың ризашылығына бөленген Асылжандай Азаматтарымызды мақтан тұтамыз!
Новогодний праздник
29
декабрь
2022
Новогодний праздник
1-4 сынып оқушыларына, мектепалды тәрбиеленушілеріне арналған «Жаңа жыл» мерекесі өтті. ------------------------------------------------------ Новогодний праздник для учащихся 1-4 классов и воспитанников групп пред школьной подготовки.
Мектеп ауласында «Қар қалашығы»  бой көтерді...
28
декабрь
2022
Мектеп ауласында «Қар қалашығы» бой көтерді...
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Маяковский орта мектебінің  оқушылары мен ата-аналары мектеп ауласын тамаша ертегілер әлеміне  айналдырды. Қатар тізілген ертегі кейіпкерлері бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, қоян жылының  қуаныш пен бақытқа толы болатынына  және бала арманының орындалатынына  дәлел ретінде сап түзегендей.  Ертегілер әлеміндегі «Қар қалашығы»  бой көтеруіне ат салысып, ниет білдірген ата-аналар  мен оқушыларға  ризашылығымызды білдіріп, рахмет айтамыз.
Құттықтауымен Аяз Ата және Ақша қар келді!
28
декабрь
2022
Құттықтауымен Аяз Ата және Ақша қар келді!
26.12.2022 жыл күні оқушыларымызды келе жатқан мерекемен құттықтауға арнайы Аяз Ата мен Ақша қар келді. Таңғы сәлемдерін Аяз Атаға берген оқушыларымыздың жүздері бал-бұл жанып, жаңа жылға дайындаған тақпақтарын арнады. Дүйсенбілік күндерін балалық шаққа саяхат жасаудан бастаған оқушыларымызға арнайы дайындалған тәттілер үлестіріліп таратылды.
«Жаңа жыл» мерекесі
26
декабрь
2022
«Жаңа жыл» мерекесі
1-4 сынып оқушыларына, мектепалды тәрбиеленушілеріне арналған «Жаңа жыл» мерекесі өтті. ------------------------------------------------------ Новогодний праздник для учащихся 1-4 классов и воспитанников групп пред школьной подготовки.
Ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті
26
декабрь
2022
Ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті
Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 26 желтоқсан күні мектепалды даярлық топ және 1-4 сынып оқушыларына арналған қуанышқа да, ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті.   Мереке қарсаңында мектеп спорт залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне мектебіміздің мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ белсене қатысты. Мерекелік шарада оқушыларға арналған түрлі байқаулар мен ойындар және би жарыстары өтті. Әсіресе, мерекенің басты
«Менің Отаным - Қазақстан» атты патриоттық әндер сайысы өтті
26
декабрь
2022
«Менің Отаным - Қазақстан» атты патриоттық әндер сайысы өтті
Мектебімізде жыл сайын жоспар бойынша  дәстүрге айналған патриоттық әндер  сайысы биылғы оқу жылында  да жоғары дәрежеде өткізілді.«Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыпта өткен сайыстың басты мақсаты- жас жеткіншектердің бойында отан сүйгіштік, патриоттық сезімін қалыптастыру және Отанға деген сыйластықты арттыру болды.  Сайыс нәтижесінде сыныптар мен жеке орындаушылар “бағалаушылар”тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталып, мерекелерімен құттықтады.
"Қош бол,Әліппе! "атты мерекелік іс -шара  өтті
26
декабрь
2022
"Қош бол,Әліппе! "атты мерекелік іс -шара өтті
2022 жылдың 22-23 желтоқсан аралығында "Маяковский атындағы орта мектебінде 1 - сыныптар арасында "Қош бол,Әліппе! "атты мерекелік іс -шара  өтті. Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу, ана тілі оқулығымен таныстыру.Іс -шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті.Іс-шара соңында барлық оқушылар дипломдармен марапатталып,  тәтті сыйлықтар берілді. -------------------------------------------------- С 22 по 23 декабря 2022 года в КГУ "Средняя школа имени Маяковского" в 1-х
«Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дене шынықтыру, АӘТД және көркем еңбек әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.
23
декабрь
2022
«Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дене шынықтыру, АӘТД және көркем
2022 жылдың 19-23 желтоқсан аралығында Маяковский атындағы орта мектебінде «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дене шынықтыру, АӘТД және көркем еңбек әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Мектептің 1- қабаты апталыққа сай безендіріліп, апталықтың таңғы қарсы алуы дене шынықтыру пәні  мұғалімдерінің, оқушылардың қатысуымен әр түрлі спорттық ойындар ойнатылуымен басталып, ойынға қатысушы жеңімпаздар  бағаланып, сыйлықтармен  марапатталды. Мектептің таңғы тізілісінде оқушылар спорттық ән