Материалы за 30.04.2024 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің апталығы болып өтті.
30
апрель
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің апталығы болып өтті.
22-26 сәуір аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің апталығы "Тіл-асыл қазына" айдарымен өтті. Апталықтың басты мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, мемлекеттік тілге құрмет көрсету, қадір тұту, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.  Апталық барысында ашық сабақтар, іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
«Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті.
30
апрель
2024
«Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті.
1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні оқушылрды ынтымақтастыққа, достыққа, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатында  6-сынып оқушылары арасында «Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті. Сайыс нәтижесінде белсенділік танытқан сыныптар марапатталып, бір шаңырақ астындағы достық пен ынтымақтастықты нағыз көрінісін тапты дегіміз келеді.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
1 мамыр-Халықтар бірлігі күні, сынып сағаттары мен спорттық эстафета ұйымдастырылды.
30
апрель
2024
1 мамыр-Халықтар бірлігі күні, сынып сағаттары мен спорттық эстафета
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында мектепте көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі екендігін ұрпаққа ұлағаттау мақсатында «1 мамыр-Халықтар бірлігі күні», «Бейбітшілік-ел тілегі» тақырыбындағы сынып сағаттары өтіп, «Мен, сен, ол, бәріміз-тұтас елдің сәніміз» спорттық эстафета ұйымдастырылды.  Мамыр меркесі елдің бірлігін одан сайын нақтап, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашсын деп тілейміз.