Материалы за Май 2024 года » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2024 года
"Каникулда кітап оқиық" атты  "Букроссинг" өтті.
17
май
2024
"Каникулда кітап оқиық" атты "Букроссинг" өтті.
"Мамыр - ынтымақ айы" шарасы аясында мектебімізде 1-11 сыныптар арасында "Каникулда кітап оқиық" атты  "Букроссинг" өтті. Букроссинг қарапайым тек кітап алмасу емес, кітапты досыңызға немесе танысыңызға бересіз ол кітап сізге оралады деген мақсатпен күтесіз. Ал бұл үрдіс кезінде сіз кітапты мәңгілікке бостандыққа жіберуге мүмкіндік бересіз. Іс-шараға мектебіміздің барлық оқушылары белсене қатысты.
Қамқоршылық кеңес отырысы өтті.
16
май
2024
Қамқоршылық кеңес отырысы өтті.
10.05.2024 жылы онлайн және оффлайн форматтағы кіріккен қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Кеңес мүшелерімен күн тәртібіндегі сұрақтар - мектеп аумағын абаттандыру, жазғы демалыстың ұйымдастырылуы туралы және ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстарының орындалуы жайлы мәселелер талқыланды.
"Даналық мектептері" жұмысының үздік тәжірибесі" көшпелі семинары өтті.
16
май
2024
"Даналық мектептері" жұмысының үздік тәжірибесі" көшпелі семинары
Мамыр айының 15 күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де облыстық "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының негізінде құрылған  "Даналық мектептері" жұмысының үздік тәжірибесі" көшпелі семинары өтті. Облыстың әр ауданынан келген семинар қатысушыларына арналған пленарлық бөлімде келушілерге қосымша білім берудегі оқушылардың жетістіктері көрмесі ұсынылып, қонақтарға мектеп ішіне экскурсия ұйымдастырылды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының мектеп қабырғасында атқарылып
«Үздік әдістемелік әзірлеме» сайысы
15
май
2024
«Үздік әдістемелік әзірлеме» сайысы
Пән бойынша озық педагогикалық тәжірибені тарату, мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін дамытуға және кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал ету мақсатында  ұйымдастырылған облыстық  орыс тілі мен әдебиеті пәні (Я2) мұғалімдерінің арасында өткізілген «Үздік әдістемелік әзірлеме» сайысында мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Капасова Назым Жаксылыковна «Үздік тапсырмалар жинағы» номинациясы бойынша жүлделі II  орынға ие болды. Құттықтаймыз! 
Ата-аналардың  басын қосқан мектепішілік ІІ-ші спартакиадасы өтті.
11
май
2024
Ата-аналардың басын қосқан мектепішілік ІІ-ші спартакиадасы өтті.
2024 жылдың 11 мамыр күні мектептің жоспарына сәйкес 1-6 сынып ата-аналарының  басын қосқан мектепішілік ІІ-ші спартакиадасы өтті. Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткен "Достық» спартакиадасы жекелеме қатысушылар үшін үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы спорт түрлерінен, сыныптар арасында волейболдан командалық додаға түсті.  Нәтижесінде жалпы командалық есепте ІІІ-орынға үшінші сыныптардан құрылған ата-аналар құрама командасы, ІІ-орынға бірінші сыныптардан
"Анам хабарда"  атты психологиялық ойынын өткізді.
10
май
2024
"Анам хабарда" атты психологиялық ойынын өткізді.
Баланың жеке басына жағымды әсер-  отбасындағы ең жақын адамдардан басқа анасындай  балаға ешкім  жақсы қарамайды, оған онша мән бермейді.  Мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ның алдағы сынақтарында оң көзқарастың негізгі факторы болып табылатын отбасы. ҰБТ қарсаңында  алаңға берілетін аналардың көптігінен сабыр сақтайтын ата-аналарды табу қиынға соғады.  Жоғарыдағы қиындықтардың алдын алуда түлектер мен олардың аналары үшін педагог-психологтар И.Т.Тагиева мен А.О.Ұлыбаева "Анам хабарда" атты
«Мамыр – ынтымақ айы» айлығы....
10
май
2024
«Мамыр – ынтымақ айы» айлығы....
10- мамыр «Игі істер» акциясы аясында мектебіміздің "Еріктілер" клубы мүшелері  ардагер ұстаз Хрунина Анна Филиповнаға  барып, қол ұшын созып қайтты. Игі істің басында мейірім мен адалдық тұратыны баршаға мәлім. Жүрегінде жылуы бар жандардың жасаған жақсылықтарының бұл соңы емес. Жақсылық жасаудан жалықпайық ағайын! #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңі
06
май
2024
Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңі
6 мамыр 2024 жылы Ұлылар поэзиясына сүйіспеншілік тәрбиелеу,  әдеби мұраларды дәріптеу мақсатында республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде "Көңілім әнді ұғады"  бағамы бойынша 8 сынып оқушысы Тұрсын Арай (жетекшісі музыка пәні мұғалімі Б.М.Аксакова)  жүлделі 2-орынға ие болды.  Құттықтаймыз!!! #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы