Материалы за 02.05.2024 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Нағыз әже қайда? " әңгімесі бойынша кездесу ұйымдастырылды.
02
май
2024
"Нағыз әже қайда? " әңгімесі бойынша кездесу ұйымдастырылды.
2 мамыр күні мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Даналық мектебі" клубы Әжелер мектебінің мүшесі Аринова Гульжанат әжемізбен  5 "Ә" сыныбы  қазақ әдебиеті сабағында Нұрдәулет Ақыштың "Нағыз әже қайда? " әңгімесі бойынша кездесу ұйымдастырылды.Әжемізге оқушылар өздерін толғандырған қызықты  сұрақтарын қойды, қазақ ақындарының әже туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Әжеміз әжелер киетін кимешек, ұршық туралы, ертегілер туралы толық айтып берді.Әжеміз  қызықты сұрақ қойған
"Махамбет өлеңдері мен күйлері - рухани жаңғыруы" республикалық әдістемелік-практикалық конференция өтті.
02
май
2024
"Махамбет өлеңдері мен күйлері - рухани жаңғыруы" республикалық
30 сәуір күні Астана қаласында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Махамбет өлеңдері мен күйлері - рухани жаңғыруы" республикалық әдістемелік-практикалық конференция өтті.Осы конференцияға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калмакбаева Гульназ Ернатовна онлайн форматында зум платформасында баяндамасын қорғап, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат табысталды.
«SEMEI» телеарнасы бізбен бірге!
02
май
2024
«SEMEI» телеарнасы бізбен бірге!
30-сәуір күні Абай облысы Семей қаласының «SEMEI» телеарнасы директорының орынбасары Зикибаев Бектурсын Далелханович, телеарна редакторы Талшын Шәкіртхан және оператор Айтқалиев  Айдос Ерланович      арнайы ат басын бұрып мектебімізге келіп қайтты.  Кездесу ең алдымен оқушыларымен сұхбатпен басталып, соңында мектебіміздің «Маяк NEWS» парламент мүшелерінің телестудиясы клубы жұмысымен танысып, бірқатар ұсыныстар мен пікірлерін білдірді. Заманауи телестудия кабинетінің жаңа мүмкіндіктерін  ашып,
«Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсы
02
май
2024
«Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсы
2 мамыр 2024 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ұйымдастыруымен «Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсына мектебіміздің 11-сынып оқушысы Зекен Марал қатысып, жүлделі І-орынға (жетекшісі тарих пәні мұғалімі У.Ж.Омарова) ие болды. Құттықтаймыз!