Сәт сапар, саған Жас Түлек! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65309
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июнь
2022

Сәт сапар, саған Жас Түлек!

«Түлек 2022-жаңа Қазақстанның ертеңі» 11 сынып түлектеріне  аттестат табыстау салтанаты болып өтті
Бүгін 16 маусым күні мектебімізде түлектерге  арналған  өмірлік жолдама  - аттестат алу  салтанатты рәсімі болып өтті.  Бүгінгі салтанатты іс-шара  мектептің абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата - аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл - қыздардың, яғни биылғы 2022 оқу жылындағы түлектеріміздің құрметіне арналды. Тамаша күннің  куәгерлері ретінде  шараға  29 түлектің ата-аналары, қонақтар мен  ұстаздар  қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Н.М.Садыкова  алып,  жиынның қатысушыларына ақ жол, сәт сапар тілеп, оқу озаты  Лимара  Каирбаеваға  «Алтын белгі»  төсбелгісі мен  түлектерге  аттестаттарын  табыстады. Сонымен қатар,  оқу мен тәрбиеде оң нәтижие көрсетіп, мектеп өміріне белсене араласқан  оқушыларды  пәндік  грамоталар мен мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттармен марапаттады.  Өз  алдында ата-аналар  да  киелі  орда- мектепке деген жылы лебіздерін білдіріп, ұстаздарға алғыстарын айтса, сынып жетекшілер оқушыларын қимастықпен үлкен өмір жолына  шығарып салды. Әсем әнмен толыққан мереке біздің түлектердің есінде мәңгі қалатынына сенеміз. 
Түлектер, сендерді  жаңа бастамалар мен  жаңа өмір толқулары күтеді.
      Сәт сапар,  саған  Жас Түлек!