«Шығармашылық ізденіс – кәсіби шеберлік негізі» факультативтік қашықтық сабақтар апталығы аясында өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Шығармашылық ізденіс – кәсіби шеберлік негізі» факультативтік қашықтық сабақтар апталығы аясында өтті
26
ноябрь
2020

«Шығармашылық ізденіс – кәсіби шеберлік негізі» факультативтік қашықтық сабақтар апталығы аясында өтті

26 қараша күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ – нің 11 «Ә» сынып оқушылары арасында «Географиялық ассорти» атты ойын сайысы өтті. Бұл ойын «Шығармашылық ізденіс – кәсіби шеберлік негізі» факультативтік қашықтық сабақтар апталығы аясында өтті. Ойынның негізгі мақсаты: оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, одан әрі білімдерін жетілдіру; «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып,  «Жас географтар» атағын алатын оқушыларды анықтау. 

     Ойын барысында оқушылар өткен сыныптардан алған білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді, қызықты географиялық жұмбақтардың  шешуін таба білді және соңында «Капитандар сайысы»  атты кезеңде әр топ басшылары бақ сынасты. Әділ қазы алқасының шешімімен екі топтың ұпайы тең болып шықты. Ойын соңында қатысқан қонақтар оқушыларға жылы лебіздерін жолдады.

Сабақты өткізген: Рыбакова Гульназ Амангельдыевна – география пәнінің мұғалімі